Үш жылда доллар 33 теңгеге арзандады. Бірақ базарда ештеңе арзандаған жоқ. Қайта қымбаттады.

Сонда 33 теңге қайда кетті?
2023 жылы күзде бір доллар – 475 теңге еді.
2026 жылы күзде – 441 теңге.Айырма – 33 теңге. Теңге 7 пайызға күшейді.Ал баға ше?
2023 жылы баға 10 пайызға жуық өсті.
2024 жылы 9 пайызға жуық өсті.
2025 жылы 12 пайыздан асты.
Биыл да 10 пайызға жуық.Үшеуін қоссақ, үш жылда баға 35 пайыздан асты. Мың теңгенің заты 1350 теңге болды
Доллар 7 пайызға арзандаса, нан 35 пайызға қымбаттады. Елдің көкейіндегі сұрақ осы.33 теңге қайда кетті?1. Ол теңге базарға жеткен жоқ. Ұлттық банкте қалды.Теңге өзінен өзі күшейген жоқ. Оны қолдан күшейтті.Ақшаның өсімі – 16 пайыздан асады. Өсім қымбат болған соң, шетелдік қорлар доллар сатып, теңгемен отырады. Сөйтіп теңге күшейгендей көрінеді. Бірақ бұл – кәсіпорын күшейіп, тауар көбейіп күшейген күш емес.2. Ол теңгені жарық пен су жеп қойды.Дүкендегі тауардың бағасы тек долларға қарамайды. Шығынға қарайды.Жарық қымбаттады – 37 теңгеден асты.
Су қымбаттады – 1 қазаннан 178 теңге болады.
Жанармай қымбат.
Жалдау ақысы қымбат.
• Салық өсті – 16 пайыз.
• Доллар арзандаса да, осы шығынның бірі арзандаған жоқ.
• Саудагер амалсыз бағаны өсіреді.
• Біз тұтынатынның жартысынан көбі шеттен келеді. Доллар арзандаса, шекарада арзандауы керек. Арзандайды да.Бірақ сөреге жеткенше үш рет қымбаттайды.
Жолда – тасымалшы, қоймада – ірі саудагер, базарда – ұсақ саудагер. Әрқайсысы «ертең теңге құлап кетеді» деп үстіне 10-15 пайыз қосады.Сөйтіп 33 теңгенің пайдасын алыпсатар көреді, халық көрмейді.
Сенім жоқ.
Халық теңгеге сене бермейді. 2015 жылы 188 теңгеден 380-ге, 2022 жылы 500-ге кеткенін ұмытқан жоқ. Сондықтан саудагер бағаны түсіруге қорқады. «Бүгін түсірсем, ертең доллар шарықтап кетсе қайтемін» дейді.Сенім жоқ жерде арзандық болмайды.Түйін33 теңге жоғалған жоқ. Ол Ұлттық банктің есебінде, алыпсатардың қалтасында кетті.Теңгені күшейту – бір бөлек шаруа. Бағаны ұстау – екінші бөлек шаруа. Біріншісін Ұлттық банк істеп отыр. Екіншісін Үкімет істей алмай отыр.Екеуі қатар жүрмесе, теңге күшейгенімен, қалта жұқара береді..