Space Capital қорының есебінше, биыл ғарыш саласына салынған қаржы тұңғыш рет 100 миллиард доллардан асты.

Серпін бергені – SpaceX-тің IPO-сы. Маусымда 75 миллиард доллар тартты, жалпы құны 1,77 триллионға бағаланды. Одан кейін Blue Origin 10 миллиардтан астам, Stoke Space 1 миллиард жинады.
Ал Қазақстанның үлесі қанша?
Ашығы – 100 миллиардтың ішінде біздің үлес 0,1 пайыздан да аз. Біз әлі қаржы салатын ел емеспіз, алаңды жалға беретін елміз.Бірақ биыл бетбұрыс болды:
1. Қанша теңге салдық?
Бәйтерекке – 180 миллион доллардан астам. Бұл – жердегі кешенге Қазақстан қосқан қаржы. Зымыранды Ресей жасайды. 30 жылға созылған жоба биыл тұңғыш ұшты: 30 сәуірде Байқоңырдан Сұңқар/Союз-5 көтерілді.KazSat-3R серігіне – 10,4 миллиард теңге, шамамен 22,3 миллион доллар. Үкімет шілдеде бөлді. Қазіргі KazSat-3-тің ғұмыры 2029 жылы бітеді, орнын осы алмастырады.
Салыстырыңыз:
SpaceX бір күнде 75 миллиард тартса, біз 20 жылда Бәйтерекке 0,18 миллиард салдық.
2. Әлемдік нарыққа не бердік?
Біз нарыққа зымыран емес, орын беріп келдік. Енді өнім бере бастадық: Бәйтерек – таза ұшыру алаңы. Бұрынғы Протон улы отынмен ұшса, Сұңқар керосинмен ұшады. Әлемге ұсынысымыз – орта салмақты жүкті арзан әрі таза шығару.
Астанадағы құрастыру-сынақ кешені. Мұнда салмағы 6 тоннаға дейінгі аппарат құрастыруға болады. Әлемде мұндай орын санаулы ғана. Биыл Моңғолия, Конго, Нигерияға арналған үш серікті құрастырып, 75 миллион доллар табу жоспарда. Бұл – ғарыштағы алғашқы экспорттық табысымыз. Қазақ-қытай Di’er-5 шағын серігі – биыл орбитаға шықты.
2030-ға дейінгі жоспар – тоғыз серіктен тұратын топ: алтауы – қазақстандық. Байқоңырды жалға беруден жылына 115 миллион доллар түседі. Енді Үкімет 1747 шаршы шақырым жерді қайтарып алып, арнайы экономикалық аймақ ашпақ. Ойымыз – жалға беруден, ұшыру қызметін сатуға көшу.
Түйін:
Әлем ғарышқа 100 миллиард құйып жатыр, себебі ол – қорғаныс, интернет, барлау. SpaceX 1,77 триллионға бағаланды – бұл енді мұнай емес, орбита экономикасы.Қазақстан әзірге – жалға беруші. Бірақ 2026 жыл – жалға берушіден өндірушіге ауысқан алғашқы жыл:Бәйтерек ұшты, құрастыру кешені шетелге сата бастады, KazSat-3R-ге қаржы бөлінді.
Осы екпінді сақтасақ, 2030-ға қарай кемі 1 пайыз коммерциялық ұшыру нарығын алуымыз мүмкін. Сақтамасақ – Байқоңыр бізде, табыс SpaceX-те кете береді.