Бүгін 15 қазанда Алматыда, Ritz-Carlton-да төртінші халықаралық Central Asia Warehouse Summit өтеді.

11 елден 350-ден астам қатысушы, 35 спикердің қатысуымен өткен бұл – жай жиын емес. Бұл – нақты сектордағы үлкен бетбұрыстың белгісі. Соңғы екі жылда елімізде қойма бумы болды. Енді нарық жаңа кезеңге кірді.
Сұраныс толықты. Алматы мен Астанада бос қойма көбейді.Баға тоқтады. Екі жыл бойы өскен жалдау ақысы өспей тұр. Жалға алушы алғаш рет бағаны түсіруге мүмкіндік алды. Шығын өсті. НДС 16% болды, операциялық шығын көбейді, девелопердің пайдасы азайды
Бұл нені білдіреді?
Қағаз нарығында 58 трлн айналып жатқанда, нақты нысан – қойма, жол, логистика – ақшасыз қалып тұр. Себебі қарапайым: қағаздағы табыс – 16%, қоймадағы табыс – 6%.
Девелоперге қайсы тиімді?
Сондықтан CAWS 2026-ның басты сұрағы – ақшаны қағаздан қалай нақты іске бұрамыз? Қысқа ақшадан ұзақ жол, жарық, қойма қалай қалады?
Бұл – 23 қазандағы Ұлттық Банк шешімімен тікелей байланысты. Бірі – ақшаның бағасын белгілейді, екіншісі – сол ақшаны өндіріске қалай жеткіземіз деп шешеді.