Қазақстан екі жылдық қымбат ақша циклынан шығып келеді. Базалық 18%-дан 16,25%-ке түсті, 23 қазанда 15,75% болады деген болжам бар.

Реалды мөлшерлеме әлі 7% — соңғы 12 тоқсандағы ең қатаң режим. Бұл — кредиттің арзандауы емес, Ұлттық банк төрағасы «сақ оптимизм» деп атаған кезеңнің абайлап аяқталуы. Неге ақша екі жыл қымбат болды және оның сууы әрбір қазақстандықтың әмиянына қалай тиеді?
Қымбат ақша циклі неге керек болды?
2026 басында базалық 18% болды. Инфляция 9,3% кезінде бұл — реалды мөлшерлемені 7% ұстап тұру. Бұл — соңғы 12 тоқсандағы ең қатаң режим.
Ұлттық банк сұранысты әдейі қымбаттатты. Кредит — қымбат, депозит — тартымды. Нәтижесінде тұтыну басылды, теңге 9 айда 13,7% нығайып, 440,5 теңгеге дейін барды. Импорт арзандады, инфляция 12,9%-тен 9,3%-ке баяулады — 11 ай қатарынан дезинфляция.
Бірақ құны болды: ЖІӨ өсімі 6,5%-тен 3,5-4,5%-ке тежелді, бизнес инвестициясы қымбаттады, халықтың табысы номиналды 11,2% өскенімен, нақты өсім 0,7% қана. AMarkets-тің Асхат Смағұловтың түйіні осы: номиналды өсімді инфляция жеп қойды.
Ұлттық банк неге асықпайды?
Төрағаның логикасыТимур Сүлейменов 4 қыркүйекте шешімді былай түсіндірді: «Бұл — 11 айлық дезинфляцияның, тұрақты теңгенің және Үкіметпен бірлескен шаралардың нәтижесі. Бірақ про-инфляциялық тәуекелдер балансы әлі жоғары». Ол тәуекелдер — үш фактор:
Халықтың инфляциялық күтуі — 14,6%, базалықтан жоғары. Квази-мемлекеттік сектордың фискалды ынталандыруы — бюджет ақша шашып жатыр. Салық реформасы және реттелетін бағалар — жарық, жылу, отын.
Сондықтан Сүлейменовтың мақсаты — базалықты нөлге түсіру емес, 2028 жылға қарай инфляцияны 5% таргетке әкелу. Оған дейін — «moderately tight» — қалыпты қатаң режим сақталады. Бұл — экономикалық пайым: тез арзандату — сұранысты қайта қыздырып, дезинфляцияны өлтіреді.
Сарапшылар консенсусы: қымбат ақшадан абайлап шығу
Нарық осы логиканы түсінді.Freedom Finance Global-дың Данияр Оразбаевтын айтуынша, 23 қазанда 15,75% — ең ықтимал сценарий. Аргумент — қыркүйекте инфляцияның 9,8%-тен 9,3%-ке түсуі, мықты теңге және азық-түліктің баяу өсуі»
ҚҚҚ сауалнамасы: 14 ұйымның 85% төмендейді дейді, бірақ медиана — 16%. Себебі инфляциялық күтулер зәкірленбеген, бюджет дефициті жоғары. Мұның экономикалық мәнін Kapital.kz дұрыс формулалады: қазіргі түсу — «арзан ақшаға көшу емес, аса қымбат ақшадан абайлап шығу». 16,25% инфляция 9,3% кезінде әлі де шектеуші.
Бұл әрбір қазақстандыққа қалай әсер етеді?
Трансмиссия механизмі. Базалық — экономиканың термостаты. Ол тікелей емес, үш арна арқылы әсер етеді.
1. Депозит арнасы — бірден әсер етеді. Базалық түссе, KDБ депозит бойынша шекті мөлшерлемені түсіреді. Банк саған да аз береді. Сондықтан 14% → 13,5%. Номиналды емес, нақты кіріске қарау керек. Смағұлов формуласы: 14% — 9,3% = 4,7% емес, Фишер формуласымен 4,3%. Ертең 13,5% — 9,3% = 3,8%. Айырмасы — сол 50 мың. Бұл — салымшы төлейтін баға.
2. Кредит арнасы — әсер етпейді, егер… Қолданыстағы кредиттердің 95% — фиксирленген ставка. Kaspi, Halyk, Отбасы, 7-20-25 — бәрі. Шартта «базалық + маржа» жазылмаса, төлем өзгермейді. Бұл — халықтық кредиттің табиғаты. Трансмиссия тек жаңа кредиттерге әсер етеді, ол да жартылай: базалық 50 б.п. түссе, кредит 20-30 б.п. түседі.
Есеп: 10 млн, 5 жыл — айына 2 700 теңге, 25 млн, 15 жыл — 6 900 теңге.
Экономикалық әсер — маргиналды
Сатып алу қабілеті арнасы — ең баяу. Халық жақсаруды базалық түскенде емес, Смағұлов айтқандай, нақты табыс бірнеше тоқсан бойы инфляциядан жоғары болғанда ғана сезінеді. Қазір ол жоқ: 11,2% номиналды, 0,7% нақты.
Қорытынды — экономикалық пайымҰлттық банк 2026 жылы инфляцияны 9-11%, 2027 жылы 6,5-8,5% деп болжайды. Бейтарап базалық — 9,5% айналасы. Демек, цикл — 18% → 16,25% → 15,75% → 14,5% (бір жылдан соң). Бұл — ақшаның біртіндеп арзандауы, бірақ арзан ақша емес.
Сондықтан рационалды стратегия: Депозит ұстаушы үшін: 14% — циклдің соңғы жоғары нүктесі. 23 қазанға дейін бекіту — рационалды. Несиесі жоқ үшін: қазір алу — қымбат ақшаның соңын сатып алу. Күту — 2027 жылы нақты арзандауды сатып алу. Қымбат ақша кезеңі бітіп келе жатыр. Бірақ экономикада есік тарс жабылмайды, ақырындап жабылады.