Кешелі бері «Нұрбанк 6,5 млрд қайтарды» деген ақпарат тарап жатыр.

Бірақ бұл – үлкен парадокстың бір бөлігі ғана. Банктер мемлекетке әлі 860 млрд теңгеден астам қарыз. Нұрбанк 6,5 млрд қайтарды, әлі 35,8 млрд тұр. Сарапшылар ара кідік болса да «бұл ақшаны бюджетке қайтарғанша, ШОБ-қа 8-12%-бен берсе, пайдасы көбірек болар еді» дегенді айтып қалады.
Нұрбанк қанша қайтарды?
Нұрбанк бұл ақшаны 2020 жылы алған. Сол жылы сәуірде 15 жылға, 46,8 млрд теңгеге облигация шығарған.2025 жылы – 4,5 млрд2026 жылы 16 қарашада – 6,5 млрдБарлығы – 11 млрд. Әлі қарызы – 35,8 млрд
Банктерді асықтыруга мәжбүрлеген себептің көкесі дивиденд ережесі. Мемлекеттен көмек алған банк дивиденд төлегісі келсе, алдымен сондай көлемде көмекті қайтаруы керек. Қазіргі ереже – дивидендтің 10%-нан 66%-на дейінгі бөлігіндей көмекті қайтару.
Есептегі парадокс
Банк мемлекетке төлеп отырғаны – 4% Қазір базалық мөлшерлеме – 16,25%. Бизнеске жаңа несие – 21% шамасындаЯғни мемлекет арзан ақшадан айырылып отыр, банк – арзан ақшадан құтылып отыр.
«Банктер бұл ақшадан қанша тапты» деген сұраққа жауап болмагасын өзіміз есептеп көрейік. Себебі банктер бұл ақшадан қанша пайда көргенін бөлек көрсетпейді. Бірақ есеп қарапайым. Нұрбанк 46,8 млрд-ты 6 жыл бойы 4%-бен ұстады. Сол ақшаны тәуекелсіз мемлекеттік қағаздарға орташа 13-14%-бен салды. Айырма – жылына шамамен 10%.46,8 млрд x 10% = жылына 4,68 млрд
6 жылға = ∼28 млрд теңге кепілді пайда: Ал мемлекетке 6 жылда төлегені – ∼11,2 млрд/
Үш банк бойынша жалпы есеп одан да үлкен. Басында берілген – ∼1,1 трлн теңге. 8 жылда, жылына 10% айырмамен – ∼880 млрд теңге пайда.Яғни банктер мемлекеттің ақшасын алып, сол ақшаны мемлекеттің өзіне қайта қарызға беріп, арадағы айырмадан табыс тапқан.2025 жылы Президент Тоқаев: «Кейбір банктер шығынды жауып болды, бірақ мемлекеттік ақшаны әлі ұстап отыр. Оны тәуекелсіз мемлекеттік құралдарға жоғары пайызбен салып, кепілді пайда тауып отыр» деді.
Қазақстанда мемлекеттік көмек тек үш банкте қалды
- Alatau City Bank – шамамен 725 млрд
- Еуразиялық банк – шамамен 102 млрд
- Нұрбанк – 35,8 млрд
- Барлығы – шамамен 863 млрд теңге
2026 жылғы қаңтардағы дерек бойынша – шамамен 1,1 трлн теңге болған.
- Alatau City Bank-тің 275 млрд қайтарғанын ескерсек, қалдық – шамамен 863 млрд теңге. Ең көбі – әлі де Alatau City Bank-те.
Басында қайтару туралы мәселе қойылды ма?
Қағаз жүзінде – иә. Нақты – жоқ. 2017 жылы Қаржылық тұрақтылықты арттыру бағдарламасы қабылданды. Шарттары: 15 жылға, 4%-бен, субординацияланған облигация түрінде. Акционерлер бірлескен жауапкершілік алады, 5 жыл ішінде банкті қосымша капиталдандыруы керек, банктер жаман активтерді есептен шығаруы керек.
Бірақ
Мерзімінен бұрын қайтару графигі қойылмады. Банк 15 жыл бойы 4%-бен ұстап отыра алады. Нұрбанктің облигациясы – 2035 жылға дейін.Ақшаны қайда жұмсау керек – нақты қойылмады. «Экономиканы қаржыландыр» деп айтылды, бірақ «ШОБ-қа осынша пайызбен бер» деген міндет болған жоқ.
Дивидендке тыйым басында болмады. Ол тек 2023 жылы ғана енгізілді. 2023 жылы ҚНДРА «Мемлекеттік көмек бар банк дивиденд төлегісі келсе, көмекті қайтаруы керек» деген ереже шығарды. Жаза да болмады.Сондықтан банктер 8 жыл бойы арзан ақшада отырды. Тек 2023 жылғы дивиденд ережесі мен 2025 жылғы саяси қысымнан кейін ғана қайтара бастады.