Қазақстанның инвестициялық рейтингінің BBB деңгейіне оралуы Олжас Бектенов үкіметіне ел экономикасына шетелдік капиталды тартуға, сыртқы қарыз алу құнын төмендетуге және инвестициялық сенімді арттыруға қосымша мүмкіндіктер береді. Бұл көрсеткіш үкіметтің экономикалық саясаты мен қаржылық тұрақтылығының халықаралық деңгейде мойындалуын білдіреді.

Негізгі артықшылықтары
• Инвесторлар сенімі: Халықаралық қорлар мен ірі инвесторлардың Қазақстан нарығына деген сенімі артады.
• Арзан капитал: Сыртқы нарықтарда қарыз алу пайыздық мөлшерлемелері мен құны төмендейді.
• Макроэкономикалық тұрақтылық: Ұлттық валюта мен мемлекеттік бюджеттің позициясы нығаяды.
• Бизнес белсенділігі: Отандық және шетелдік кәсіпорындар үшін жаңа жобаларды қаржыландыру жеңілдейді.
Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингі BBB деңгейіне көтерілді. Еліміз 2016 жылдан бері жете алмаған межені араға 10 жыл салып қайта бағындырды. Экономист Расұл Рысмамбетовтың айтуынша, S&P шешімін кейінгі екі жылда қабылданған экономикалық шараларға берілген тәуелсіз сыртқы баға әрі жылдың ең жағымды жаңалық.
Сарапшының пайымынша, рейтингтің көтерілуін кенеттен келген сәттілік деп қабылдауға болмайды. Қазіргі шешім былтыр басталған үрдістің қисынды қорытындысы. 2025 жылғы тамызда S&P Қазақстанның рейтинг болжамын «оң» деңгейге өзгертіп, келесі қадам су жаңа бюджет және Салық кодексінің қаншалықты орнықты жұмыс істейтініне байланысты болатынын аңғартқан-ды.
Арада бір жыл өткенде агенттік Қазақстанның рейтингін BBB- деңгейінен BBB-ге көтерді. Рысмамбетовтің түсіндіруінше, осылайша халықаралық сарапшылар 2025 жылы қабылданған шешімдердің қағаз жүзінде қалмай, нақты нәтиже бере бастағанын мойындап отыр.
«Мұны айтулы, тіпті дәуірлік оқиға деуге болады. Қазақстан мұндай деңгейге 2016 жылдан бері шыққан жоқ. S&P былтыр басталған циклді аяқтап, жаңа Бюджет және Салық кодекстерінің әсерін мойындады», – дейді экономист.
Дегенмен қол жеткен деңгейге тоқмейілсуге болмайды. Қазақстан енді минералды шикізатты қазып алып, сыртқа жөнелтетін ескі сүрлеуге қайта түспеуі керек. Негізгі мақсат – кенді ел ішінде өңдеп, технологияны игеріп, қосылған құны жоғары өнім шығару.
Сарапшы жазбасының соңында S&P шешімінен саяси ишара да байқаған. Оның ойынша, беделді агенттіктің Астананың экономикалық саясатты жоғары бағалауы Бектенов үкіметінің тағдырына қатысты сауалға да жанама жауап берген