Алматыда өткен Kazakhstan Insurance Forum 2026 халықаралық форумы сақтандыру нарығы жаңа кезеңге аяқ басқанын көрсетті.

Биылғы жиынның басты тақырыбы – нарықты институционалдық инвесторға айналдыру, цифрландыру және клиент сенімін арттыру.«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ басшысы Олжас Әшкеевтын айуынша, ақтандыру түрлері 18-ге дейін көбейеді. Бұған дейін міндетті емес болған шарттар міндетті болады.
Ал «Халық-Life» АҚ басшысы Гаухар Бөрібаева сенімді арттырға басымдық беру қажеттігін айтты. Нарықта 20 жыл жұмыс істеп келе жатқан компаниялардың капиталы жеткілікті.
Форумның басты жаңалығы – исламдық терезе.Г. Бөрібаеваның айтуынша, нарық заңның күшіне енуін күтіп отыр. Қысқасы заң дайын болса, нарық дайын.
AJR Finance негізін қалаушы Мұрат Қылышбай сұраныс жоқ емес, кедергілер кешені бар. Ислам банкі қарапайым өнім жасай алмайды, себебі ол Салық кодексіне, лизинг, тіркеу туралы заңдарға тіреледі. Мысалы, клиент ортақ қорға 100 мың теңге табарру салса, Салық кодексі оны «сыйлықақы» деп таниды. Оған ҚҚС салына ма – белгісіз. Сондықтан 2024 басында бүкіл Орталық Азияда ислам қаржы активі $699 млн ғана болды.Осы кедергіні «исламдық терезе» алады. Бұл – Малайзия, БАӘ, Түркияда 20 жылдан бері бар модель. Бөлек банк құрудың орнына, бар компания өз ішінде бөлек департамент ашады – есебі бөлек, Шариғат кеңесі бар.Банктерде бұл модель заңдасып үлгерді.
Президент 16 қаңтарда қол қойып, 19 наурызда күшіне енген «Банктер туралы» жаңа Заңда дәстүрлі банктерге «исламдық терезе» ашуға рұқсат берілді. Енді кезек сақтандыруда. 15 қыркүйекте жарияланған «Сақтандыру нарығы туралы» жаңа заң жобасында исламдық терезелерді енгізу көзделген. Жоба 7 қазанға дейін талқылауда.Такафул – асардың қаржылық түрі. Клиент сыйақы төлемейді, ортақ қорға табарру салады. Компания – қор иесі емес, басқарушы ғана. Инвестиция тек халалға салынады. Жыл соңында артық ақша клиенттерге қайтарылады.
Инфрақұрылым да дайын. Қыркүйектен бастап KASE акциялардың шариғатқа сәйкестігін тексеретін халал скрининг жариялай бастады. Бұл – такафул қоры ақшасын қайда салатынын анықтайтын негізгі сүзгі.Бұл кімге керек? 1,5-2 млн адам діни ұстанымына байланысты сақтандыру алмайды. Еуразия Даму Банкінің болжамы бойынша, Орталық Азияда ислам қаржысы 2028 жылы $2,5 млрд-қа, 2033 жылы $6,3 млрд-қа жетеді.Тәуекел де бар – «халал жуу». Сондықтан Қаржы нарығын реттеу агенттігі әр терезеде бөлек есеп және Шариғат кеңесі болуын талап етіп отыр.Егер заң қаңтарда күшіне енсе, бұл – 2 миллион адамды ресми қаржы жүйесіне қайтару және экономикаға «ұзын ақша» тарту мәселесі.