Қалада 28 ерте ескерту бекеті жұмыс істеп тұр, тағы жетеуі қосылды, бірақ әлі сыналмай жатыр. Ал сейсмологтар: Алматының бар аумағы 9-10 баллдық аймақта тұр дейді. Бұл туралы Қоғамдық кеңесте ТЖД бастығының орынбасары Данияр Жүсіпов баяндады.

Бүкіл қала – қауіпті аймақта
«Алматының 683 шаршы шақырым аумағы – сегіз ауданы түгел – сейсмикалық қаупі жоғары аймақта жатыр. Мұнда 9-10 балдық зілзала болуы мүмкін», – деді ол.
Жүсіпов еске салды:
Бұған дейін Верныйда, Шелекте болған ірі жер сілкіністері өңірдің әлі тынышталмағанын көрсетеді.Үш жылда 39 рет шайқалды. Соңғы үш жылда Алматыда тұрғындар сезген 39 жер сілкінісі тіркелген. Күші – 2-5 бал арасы. Қирау мен зардап болған жоқ. Қазір қалада Ұлттық сейсмология орталығының 18 бекеті тәулік бойы жер астын бақылап отыр. Ескерту жүйесі көбейді, бірақ…2023 жылдың аяғынан бері ерте ескертудің автоматты жүйесі іске қосылған. Қазір 28 станция бар. ТЖД өкілінің өзі мұны «алғашқы кезең» деп атады. 2025-2026 жылдары ұлттық орталық тағы 7 бекет орнатқан. Бірақ олар әлі іске қосылған жоқ, тестілеуден өтіп жатыр.
Сан көп пе, жүйе аз ба?39 дүмпу – көп емес.
Алматы үшін жылына 13 рет шайқалу – қалыпты көрсеткіш
Мәселе санында емес, сапасында.Біріншіден, 28+7 бекет – 683 шаршы шақырымдық мегаполиске аз. Бір бекетке 20 шаршы шақырымнан келеді. Ерте ескерту секундпен өлшенеді, ал желі сирек болса, сигнал кешігеді.Екіншіден, жаңа 7 бекет екі жыл бойы «тестіде» тұр. Бұл – жүйе енгізілді деген аты ғана, заты әлі дайын емес деген сөз. Үшіншіден, 9-10 балл деген – ғимараттың беріктігіне қойылатын ең жоғары талап. Алматыда ескі үй көп. Сондықтан ТЖД-ның «дайынбыз» дегені – тек бекет саны емес, құрылысты қатаң бақылау болуы керек.
Түйін: Жер сілкінісі көбейген жоқ, оны тіркейтін құрал көбейді. Қауіп бұрынғыдай – жоғары. Ал қаланың дайындығы әлі «бастапқы кезеңде» тұр.