Қысқа жауап – жоқ. АҚШ Қаржы министрлігі санкцияны алған жоқ, уақытша ерекшелік жасады.9 қазанда OFAC (АҚШ-тың санкцияға жауапты кеңсесі) №135 жалпы лицензиясын жариялады. Құжат ресейлік дизельді сату, тасымалдау, түсіру және АҚШ-қа импорттауға 2027 жылғы 7 сәуір сағат 12:01-ге дейін (EDT) рұқсат береді.

Қол қойған – OFAC директоры Брэдли Смит.
Бұл толық жеңілдік емес. Лицензияның (b) тармағында жазылған: Ресей Орталық банкі, Ұлттық әл-ауқат қоры және Қаржы министрлігінің АҚШ-тағы шоттарынан ақша шығаруға бұрынғыдай тыйым салынған.
Трамп қанша дизель аламыз деді?
Дональд Трамп Владимир Путинмен сөйлескеннен кейін Truth Social-да жоспар жариялады:Бірден – 300 мың тоннадан астам.
Қарашада – 500 мың тоннаКейін – 1 млн тоннаНПЗ жағдайына қарай – тағы 3 млн тонна. Бұл – жоспар, нақты жеткізілген көлем емес. Салмақтап айтқанда, алғашқы 1,8 млн тонна АҚШ үшін 10-12 күндік тұтыну ғана.
Неге АҚШ дәл қазір келісті?
- Баға $6,28-ға жетті. АҚШ-та дизель орташа бағасы галлонына $6,28. Дизель қымбаттаса, жүк тасымалы, ауыл шаруашылығы, дүкендегі азық-түлік бәрі қымбаттайды. Лицензия шыққан күні дизель фьючерсі 5%-ға түсті.
- Ормуз бұғазы және НПЗ соғысы. Ақпаннан бері АҚШ пен Израиль Иранмен соғыста, Ормуз бұғазы іс жүзінде жабық. Ол арқылы әлемдік мұнайдың 25%-ы өтеді. Екінші жағынан, Украинаның дрон шабуылдарынан кейін Ресейдің 10-нан астам зауыты тоқтап, Мәскеу өзі дизель экспортына тыйым салған.
- Сайлау. 3 қарашада АҚШ-та Конгреске аралық сайлау өтеді. Бұл – Трамп әкімшілігі үшін қымбатшылықты тежеп қалуға соңғы мүмкіндік.$7 млрд кімге түседі?
«Байдильдинов. Нефть» арнасының авторы Олжас Байдильдинов $7 млрд түсім болуы мүмкін дейді.
Бұл санды қалай оқу керек?
$7 млрд – барлық 4,8 млн тонна сатылса және тоннасы $650 болса шығатын жалпы айналым. Одан фрахт, сақтандыру, делдалдар алынады. Бюджетке салық ретінде 30-40% ғана, яғни $2-2,5 млрд түседі. Оның өзі Ресей зауыттары бұл көлемді өндіре алса ғана.Сондықтан $7 млрд – бюджетке түсетін таза пайда емес, нарыққа берілген сигнал: «Санкция мәңгі емес».
Қазақстанға әсері бар ма?
Тікелей әсері жоқ. Жанама әсері бар. Қазақстан дизель нарығының бір бөлігі Ресейге тәуелді. Егер ресейлік дизель АҚШ-қа кетсе, Түркия мен Еуропадағы тапшылық сақталады. Бұл балама импорт бағасын арзандатпайды.
7 сәуірден кейін не болады?Лицензия 2027 жылғы 7 сәуірде бітеді. Екі сценарий бар:Егер ұзартылмаса – бұл бір реттік, сайлау алдындағы шара болып қалады. Егер ұзартылса – нарық мұны санкция саясатының жұмсаруының басы ретінде қабылдайды. Бірақ СПГ мен мұнайға рұқсат автоматты түрде ашылады деген сөз емес. Еурокомиссия керісінше 23-ші санкция пакетін дайындап жатыр. Қорытынды қарапайым: АҚШ санкцияны алған жоқ, санкцияны жалға берді.