Бұрын Қазақстан Парламенті екі палатадан тұрды: Мәжіліс және Сенат. Жалпы саны 148 депутат болды. Мәжіліс заң қабылдайтын, ал Сенат сол заңдарды қайта қарап, мақұлдайтын. Яғни бір заңның күшіне енуі үшін екі палатадан да өтуі қажет еді.

Енді бұл жүйе өзгереді.
Сенат пен Мәжілістің орнына 145 депутаттан тұратын бір палаталы Құрылтай келеді.
Ең алдымен, заң шығару үдерісі жеңілдейді. Заң екі палата арасында жүрмейді, оны бір ғана Құрылтай қарайды. Бұл шешім қабылдауды жеделдетуге мүмкіндік береді. Премьер-министрді сайлауға да келісімді Құрылтай береді. Сондай-ақ Үкіметтің жұмысын бақылап, министрлердің есебін тыңдап, республикалық бюджетті бекітеді.
Айта кетейік, бір палаталы парламент әлемнің көптеген елдерінде бар. Оның ішінде Швеция, Дания, Финляндия, Норвегия, Түркия және Жаңа Зеландия сияқты мемлекеттер осы жүйемен жұмыс істейді.
Халықаралық тәжірибеде өкілеттігі аяқталған немесе сайлаудан өтпей қалған экс-депутаттар негізінен лоббистік қызмет, сараптамалық-кеңес беру жұмыстары және бизнес немесе үкіметтік емес ұйымдарға (ҮЕҰ) барубағыттарында еңбек етеді.
Қазақстанда депутаттық мандатын аяқтаған немесе жаңа сайлау жүйесі кезінде тізімге ілінбей қалған экс-депутаттар мемлекеттік қызметте, квазимемлекеттік секторда, партиялық жұмыста немесе жеке кәсіп пен қоғамдық қызметте еңбек етеді.
Бұрынғы депутаттардың негізгі айналысатын бағыттары:
• Мемлекеттік және квазимемлекеттік құрылымдар: Министрліктерде, әкімдіктерде немесе ұлттық компаниялар мен кеңесші органдарда қызметін жалғастырады.
• Партиялық жұмыс: Өз партияларының орталық аппараттарында жұмыс істеп, саяси науқандар мен қоғамдық жобаларға қатысады.
• Қоғамдық қызмет пен сараптама: Сарапшы, БАҚ өкілі ретінде пікір білдіріп, әртүрлі қоғамдық кеңестер мен байқаушы ұйымдарға мүше болады.
• Жеке кәсіпкерлік: Бизнес саласына кетіп, жеке жобалармен немесе заңгерлік және
БАҚ бұрынғы Мәжіліс депутаттарының қайда және немен айналысып жүргенін жиі талқылайды. Желіде, сондай-ақ, депутаттардан бөлек, Орталық аппараттың жұмысы тақырыбы да жиі талқыланады.
1 шілдеден бастап «Құрылтай туралы» заң күшіне енгенімен, Мәжіліс аппаратының қызметі толық тоқтатылғаны туралы ресми ақпарат жоқ. Мәжілістің баспасөз қызметі Құрылтай аппараты Мәжіліс аппаратының құқықтық мирасқоры екенін мәлімдеді деп жазды nofake.kz
Ал сарапшылардың пікірінше, қазіргі кезеңде аппарат тек ағымдағы ұйымдастырушылық мәселелерді шешу үшін уақытша жұмыс істеуі мүмкін. Сонымен қатар, жаңа Конституцияның күшіне енуіне байланысты бұрынғы депутаттардың өкілеттігі тоқтатылып, олардың бір бөлігі сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына кіріссе, енді бір бөлігі өзге қызметтерге ауысқан.
Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы болған Еділ Жаңбыршин әлеуметтік желіде сайлаушыларға арнап көлемді үндеу жариялады.
Ол бес жылдық депутаттық қызметін қорытындылаған бейнеүндеуінде қоғамдық жұмыстарын жалғастыратынын мәлімдеді.
Абзал Құспан ғылымға бет бұруы мүмкін
Абзал Құспан Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі болды. Ол соңғы отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында алдағы жоспары туралы айтқан еді. Оның айтуынша, депутаттық мандат аяқталғанымен, негізгі мамандығы – адвокаттық қызметі сақталадыю.
«Мен, біріншіден, адвокатпын, ол біржолата беріледі. Екіншіден, Еуразия ұлттық университеті докторантурасының үшінші курсында оқимын. Сондықтан ғылыммен айналысуға мүмкіндігім бар», – деді ол.
Әзірге экстердің көпшілігі әліптің артын бағып отыр. Экс сенатор Нұртөре Жүсіп әлеуметтік желіде «Әріптес бауыр Ержан Жаубай «Моңғолияға 150 әдеби кітап жібере аласыз ба?»,-деп қолқа салған. Соған 175 кітапты жиып қойдым. Қазақ тіліндегі кітаптарға сусап отырған алқалы жұртқа пайдасы тисе, нағыз ғанибет емес пе?!» деп жазыпты. Оның бұл бастамасы оқырмандары тарапынан қызу қолдауга ие болған.
Көпшілігі әлеуметтік желіде белсенді. Сарапшылар олардың кейбірінің лауазымды орындарды иеленуі мүмкін екенін айтып жатыр. Демек экстер тақырыбына әзірге нүкте қойылған жоқ.