Құрылыс саласы ел экономикасының басты өрге сүйреуші күші болып келді. Жұмыспен қамтылғандардың 17 пайызы және нақты сектор кәсіпорындарының 42 пайызы дәл осы құрылыс саласында жұмыс істейді.

Сарапшылар девелопмент пен құрылыс экономиканы мәңгі алға сүйрейтін күш емес екенін жиі айтады. Құрылыс қысқа мерзімді жұмыс орындарын ашқанымен, ол ұзақ мерзімді өнімділікті арттырмайды. Себебі құрылыс басталған кезде ақша айналымы тез өскенмен, өндіру сияқты тұрақты табыс бермейді. Нысан біткен соң, жұмыс орындары қайта қысқарады.
Сарапшы Алмас Чукиннің айтуынша, құрылысты ІЖӨ-нің басты драйвері ретінде қарастыруды тоқтату керек.
Ол тұрақты, ұзақ мерзімді және экспортталатын қосылған құнды генерациялайтын салалар үшін құрал және қызмет көрсету инфрақұрылымына айналуға тиіс. Олай болмаған жағдайда ел құрылыс қарқыны қолдайтын экономиканы емес, бюджеттік және кредиттік ынталандырумен үнемі қолдауға тура келетін құрылыс қарқынын алу қаупін төндіреді.Сарапшы айтып өткендей, 2008 жылғы дағдарыстанкейін банктер тұрғын үй құрылысына банктердің кредит беруін қысқартты.
Тұрғын үй нарығы туралы сөз болғанда, мәселе мемлекеттік бағдарламаға келіп тіреледі. 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында құрылыс жұмыстарының көлемі 4,1 трлн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,2%-ға өсті,
Президенттің тапсырмасымен бағдарламаның біразы жалғасып жатыр. Кейін БЖЗҚ қаражаты да осы салаға бағытталды. Сарапшының айтуынша, Құрылыс саласындағы қазіргі өсім өткен жылдары басталған жұмыстардың жалғасы болуы мүмкін. Жаңа жобалардың басталуы мен нарықтағы нақты жағдай уақыт өте келе көрінеді.
Чукин осы инерцияның арқасында үкімет жыл қорытындысы бойынша ІЖӨ жоспарлы түрде 4-5% өсім көрсетті деп есеп бере алады, бірақ құрылыс секторы үшін орта мерзімді болжам және оның экономикаға әсері қауіпті деңгейде қала береді деп санайды. Экономикалық белсенділік пен бұрын басталған жобалардың есебінен ІЖӨ көрсеткіштері мақсатты межеге жетеді.Сұраныстың төмендеуі халықтың төлем қабілетінің шектелуі нарыққа қысым жасауы да мүмкін. Саланың жүйелі түрде дамуы үшін тек тұрғын үй емес, ілеспе коммерциялық нысандар мен инженерлік желілер қажет.
Ресейдегі жағдай Қазақстанға әсер етіп, құрылыс материалдарын тасымалдау жолдарын қиындатады. Бұл өз кезегінде импортталатын тауарлардың бағасының өсуіне әкеледі. Ресейдегі ахуалдың Қазақстанға түрлі жанама әсері болуы мүмкін, соның ішінде, импортталатын құрылыс материалдарының логистикасы қиындайды және оның құны артады. Бұл құрылыс материалдарының құнын көтереді және сектордағы өндіріс қарқынына соққы жасайды.
«Үкімет алдағы уақытта нарық мөлшерлемесін 11–13 пайызға түсіру үшін инфляцияны тоқтатуға басымдық береді.Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс жоғары, бірақ ипотекалық несие мөлшерлемелерінің жоғары болуы халықтың төлем қабілетіне үлкен кедергі келтіріп отыр. Нарықтағы қазіргі пайыздық көрсеткіштер көпшіліктің табысына сай келмейді» деп қорытты сөзін Чукин.
Құрылыс секторы экономикалық дамудың негізгі көрсеткішіне айналу үшін мемлекет пен бизнес цифрландыруды енгізуі, сапалы инфрақұрылым салуы, жасыл технологияларды қолдануы, әкімшілік кедергілерді азайтуы және кадрлардың біліктілігін арттыруы қажет.
Бұл шаралар саладағы тиімділікті арттырып, басқа да экономика салаларының өсуіне тікелей әсер етеді.Мұндай пікірді келесі сарапшы Ғалым Құсайынов та қолдайды. Ол үшін жобалау кезеңінде BIM жүйелерін қолдану арқылы шығындар мен уақытты азайтуға назар аударылу керек. азақстандық кәсіпорындардың құрылыс материалдарын өндіруге толық мүмкіндігі бар деп отыр:
«Бұл бір айда немесе бір жылда шешіле салатын мәселе емес. Бірақ бірте-бірте іске асыруға болады. Ішкі нарықты 100% қамту үшін, үкімет тарапынан отандық тауарларды дамыту бағдарламасы қажет. Қазақстанның Даму банкі қаржыландырған бірнеше ірі жобаның көбі қазір жұмыс істемейді. Кішігірім цех, кәсіпорындарды қолдайтын бағдарлама бойынша шетелдік тәжірибені мысалға алуға болады. Скандинав елдерінде кәсіпорын ашсаң, мемлекет қызметкерлердің жалақысын, салығын, жалға алу ақысын, коммуналдық төлемдерді төлеп береді. Нәтижесінде, нарықты сапалы тауармен қамтып, өндірісті, технологияны дамытуыңыз керек. Қытайда мемлекет жер береді, зауыт немесе цех салуға көмектеседі. Ал кәсіпкердің міндеті – технологияны құрастыру. Тіпті, мемлекет технологияға да көмектесуі мүмкін. Кәсіпкердің міндеті жұмысты өнімді етіп ұйымдастырып, нарықты тауармен қамту. Осындай әдістер арқылы көптеген елдер ілгері дамуда, ал біз ескі жүйенің кесірінен өркениеттің соңында қалып қойды.