Оның бағасы 313 600 теңге болған екен. Енді оның құны шамамен 7 есеге арзандады. Жаңа үлгінің болжамды бағасы 42 000 – 42 042 теңге шамасында.

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты. ОСК басшысының сөзіне қарағанда, бұл мәселе президенттің қатысуымен де талқыланғанға ұқсайды. Мемлекет басшысы төсбелгінің көлемін кішірейтіп, дайындау кезінде бағалы металдардан бас тартуды ұсынған көрінеді.
Сонымен Әбдіровтың айутынша бұл мәселе бірнеше рет, соның ішінде Монета сарайы мамандарын тарта отырып, егжей-тегжейлі талқыланған. Олар бізге бұл төсбелгіні жезден жасауға кеңес берді. Себебі мемлекеттік наградалардың басым көпшілігін дайындау кезінде осы жез қолданылады.
«Ендеше, мәжілісмендерді неге әлдеқандай қылып, алтыннан төсбелгі тақтық?» деп әңгімені көбейтудің қажеті жоқ. Негізгі мәселе мынада: депутаттардың төсбелгісі енді жезден соғылған соң, бағасы 7,5 есеге жуық арзандап, 42 000 теңгеге тоқтайды екен. Арзандаудың себебі жалғыз металында емес, көлемі де сәл-пәл кішірейеді. Бірақ түсі сақталады.
«Меніңше, бұрынғыдан да тартымды бола түседі. Ыңғайлы болады деп үміттенемін», – депті Нұрлан Әбдіров.
Соңғы 10 жылда Парламент депутаттарының жеке төсбелгілеріне жұмсалған жалпы қаржы көлемі туралы ресми және толық жиынтық статистика республикалық бюджетте жеке бап ретінде жарияланбайды, алайда бір төсбелгінің құны мен әр сайлау сайын жасалатын сатып алу сомалары белгілі.
Бұрын депутаттардың төсбелгісі 375 сынамалы алтыннан жасалып, оның бір данасының құны 2021 жылы шамамен 304 мың теңге, ал 2023 жылы 313 600 теңге болған. Мысалы, 2021 жылы Мәжілістің жаңа депутаттары үшін Орталық сайлау комиссиясы 80 төсбелгіге 24,3 миллион теңгеден астам қаражат жұмсаған.