Қазақстанда тұмауға қарсы вакцинация науқаны белгіленген 15 қыркүйекте басталмады. Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, 2,2 млн доза «Гриппол плюс» вакцинасының алғашқы партиясы өңірлерге қазан айының басында ғана жеткізіледі.

Себеп – өндірушінің кестесін өзгертуі және Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығындағы тіркеу рәсімдері.Бұл кідіріс түрлі ауруларға қарсы екпенің қанша пайызын өзімізде шығарамыз деген мәселені күн тәртібіне шығарды. Дәрі-дәрмекте отандық үлес 40,3 пайызға жетсе де, вакцина – жеке индустрия ретінде қалыптаспаған.
- Мал вакцинасы бойынша – қажеттіліктің 70 пайызын өзіміз жабамыз.
- Адамның жоспарлы 20+ екпесі бойынша – 0-5 пайыз.
- Тұмау вакцинасы бойынша – 0 пайыз. 2,2 млн дозаның 100 пайызы – ресейлік «НПО Петровакс Фарм» өнімі.
- Жалғыз отандық – QazVac, бірақ ол күнтізбеге енбеген.Неге 0%? Тұмау – штаммы жыл сайын жаңаратын, 6 айда өндіріп үлгеруі керек өнім. Ол үшін GMP зауыты, штамм банкі және ұзақ мерзімді тапсырыс керек. Бізде QazBioPharm ғылымы бар, бірақ икемді өндіріс тізбегі жоқ.
Салдары – бір ғана жеткізушіге тәуелділік
Ол кестесін өзгертсе, қауіпті топтағы 2 миллионнан астам адамның – созылмалы науқасы барлар, жүкті әйелдер, балалар мен қариялардың – вакцинациясы кешігеді.