KAZ Minerals Тобы Маңғыстау облысында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығулары кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына қолдау көрсету үшін 25 млн теңге аударды.

Қаражат қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына қайырымдылық көмек жинау операторы ретінде белгіленген «Ұлттық рух» қоғамдық бірлестігі арқылы бағытталды.
«Қаза тапқан әскери қызметшілердің жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Осындай ауыр сәтте орны толмас қазаға ұшыраған отбасыларға қолдау көрсету аса маңызды», — деді KAZ Minerals Тобының Басқарма төрағасы Андрей Третьяков.
Қаржылай көмек қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларын қолдауға бағытталған және оларға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларын толықтырады.