Қыркүйек қорытындысында теңге күшейді. Бір доллар – 440 теңге 49 тиын. Қор биржасындағы күнделікті сауда 415 миллион доллардан 474 миллионға өсті.

Ай ішінде барлығы 10,4 миллиард доллар айналды.Ұлттық қордан нарыққа 200 миллион доллар шығарылды. Бұл – бүкіл сауданың 1,9 пайызы. Әр күнге шаққанда 9,1 миллион доллардан.
Ұлттық Банк бұған дейін 200-300 миллион доллар көлемінде теңестіру саудасын жүргізбек болған. Бірақ нарықта доллар көп болған соң, бұл қадам кейінге қалдырылды. Қашан жасалатыны – нарыққа байланысты. Алтын сатып алуға кеткен теңгені қайтару үшін қыркүйекте 374 миллиард теңге нарықтан алынды. Ал жылдың соңғы үш айында осы жолмен 907 миллиард теңгеге тең доллар сату жоспарда бар.
Ұлттық Банк қыркүйекте теңгені ұстап тұру үшін нарыққа араласқан жоқ. Зейнетақы қорындағы қаржының валюталық бөлігін сол күйінде сақтау үшін 986 миллион доллар сатып алынды. Бұл – айдағы барлық сауданың 9,4 пайызы.