Көк-Төбеде 15 жылдан бері төрт ағылшын жігіті қола боп отыр. Ешкім қуып жатқан жоқ. Өйткені Алматы – тек домбыра тыңдайтын қала емес.

Оның бірі – Джон Леннон. Ол Қазақстанға радио арқылы келген жоқ, чемодан түбіндегі пластинка болып, глушилканы жарып өтіп, ҚазГУ жатақханасына жетті. 70-жылдары Алматыда «Битлз» тыңдау – музыка емес, қарсылық еді.Сол толқынның екінші жағасы – Дос-Мұқасан. Политехтің төрт студенті Ливерпульдің төрт жігітінен шабыт алып, қазақтың өз битлын жасады.
«Той жыры» – «Ob-La-Di»-дың даладағы жалғасы.Бүгінде Ресейде битломандар кітап жазып жатыр, бізде – үнсіз. Бірақ адамдары бар. Режиссер Рашид Нұғманов, дипломат Мұрат Лаумулин, журналист Мария Трескунова, кәсіпкер Марат Жұмағазиев.
Бәрін қосқан – бір аккордқа деген сенім.Көк-Төбедегі ескерткішті қойғызған да – бір ғана фанат, Ринат Шаяхметов. Он жыл әкімдік табалдырығын тоздырды. Шенеунік «бөгде идеология» деді, ол «бізге Абай ғана емес, Леннон да керек» деді. Ақыры қойғызды.Неге Алматы? Өйткені Алматы – біздің Ливерпуль.
Порты жоқ, бірақ желі бар. Империя шетінде жүріп, еркіндікті аңсаған қала.Бүгінгі жастар үшін бұл – көне тарих. Бізде фан-клуб та жоқ. Тек бір уыс адам кейде ескі пластинка тыңдап тарасады.Бірақ мәселе – Леннонның өсиеті: «Өз дауысыңмен сөйле». Ол ағылшын бола тұра империяға қарсы айтты. Дос-Мұқасан да солай істеді.Сондықтан бұл ескерткіш – жай мүсін емес, қала мінезі.
Ал ең дұрыс шешім – қасына Дос-Мұқасанды қою. Бір жағында – Ливерпульдің төртеуі, бір жағында – қазақтың төртеуі. Бір жағында – арман, екінші жағында – сол арманнан туған ән. Бұл – бір аккордтың екі жағасы. Оған ешкім қарсы емес.P.S. Бұл материал Джон Леннонның туған күніне орай жазылды. Ол кеше 86 жасқа толды