Біз Украинадан «Яндексті тимеші» деп сұрай алмаймыз. Бұл – түсінікті. Киев үшін Яндекс – Ресейдің цифрлық инфрақұрылымы, әскери нысана. Ал біз үшін – күнделікті такси. Олардың соғысы – біздің тұрмысымызға тиіп тұр. Сондықтан КТК-ны бомбаламаңдар деп АҚШ арқылы жалынғандай, ендіЯндексті аяңдар деп жалыну мүмкін емес. Өтініш жұмыс істемейді.

Өтініш жұмыс істемесе, не істейміз?
Екі жол бар – бірі Ресей жағында, екіншісі біздің жақта.Әуелі Ресей жағы не істеп жатыр?Яндекс үш дата-орталығынан бір аптада айырылды. 8 қазан – Сасово, Рязань облысы, 12 МВт, екі суперкомпьютері тұрған алаң – өртеніп толық тоқтады. 9 қазан – Калуга, «Грабцево», 63 МВт, 3800+ стойка – ең үлкен алаңы. 11 қазан – Владимир, 50 МВт – толық тоқтады.Компания қазір жарасын жабу үшін екі жаққа жүгіріп жүр. Бірінші – өз ішінде тығылу. Yandex Cloud апаттық режимге көшіп, клиенттеріне жедел түрде Selectel, K2Cloud және VK Cloud-қа көшуді ұсынды.Екінші – шетке шығу. Кәсіби ортада «жүктемені Қазақстанға көшіру» деген нұсқа қызу талқылануда.
Бірақ бұл жерде Ресейдің өзі тығырыққа тіреледі.Неліктен?
Себебі оның заңы ресейліктердің дерегін шетелге шығаруға тыйым салады. Ал екінші себеп – санкция.
Сарапшылар ескертеді:
«Яндекс – тікелей батыс санкциясына ілікпеген ірі ресейлік компаниялардың бірі болып қала береді. АҚШ санкция салмауы мүмкін, бірақ ЕО салуы әбден мүмкін. Бұл шетелде дата-орталық ашуды қиындатады». Сондықтан Мәскеу толық көшуге асықпайды, жартылай көшуге тырысады. Яғни Ресей де біз сияқты үркіп отыр.Ал біз ше?
Бізде тірек бар ма?
Бар, бірақ әлі шикі.Министрлік «жеке дерек Қазақстанда тұр» деп халықты тыныштандырды. Бірақ өзі де жарты шындықты мойындады: «Қазақстандықтардың жеке деректері бар серверлер ел ішінде тұр, бірақ такси мен жеткізу қызметіне жауапты жекелеген компоненттер шетелде орналасқан» «.Қаржыгер Арман Батаев түйінді дөп басты: «Үкімет Қазақстанға тек деректерді сақтауды ғана емес, өңдеуді де көшіру мәселесін қояды деп күтуге болады. Бұл сервистердің сыртқы іркілістерге төзімділігін арттырып, цифрлық қауіпсіздікті күшейтеді».
Қоймамыз бізде, ал миы – таксиге баға қоятын, тапсырыс бөлетін алгоритмі – әлі Ресейде тұр
Міне, осы ми Ресейде тұрғандықтан, Сасоводағы өрт Алматыдағы таксиді өшірді. 9 қазаннан бастап Астана, Алматы, Ақтөбеде адамдар жарты сағат такси шақыра алмады. Қырғызстан, Өзбекстанда да солай.Сондықтан енді үкімет «қойма емес, миды көшір» деп талап қоюы керек. Талап қоюға тірегіміз бар ма? Бар.Бірінші тірек – жер мен жарық. Екібастұзда 1 гигаваттық Data Center Valley салынып жатыр. Бұл – Орталық Азиядағы ең үлкен жоба. Жері дайын – 1300 гектар, жарығы дайын – ГРЭС-1, 300 МВт резерв, болашағы 1 ГВт, операторы – Қазақтелеком. Бірінші фаза 2027 жылы 125-186 МВт, екіншісі 2028-де тағы 109-125 МВт. Партнері – NVIDIA мен Firebird AI, келісім – 10 млрд доллар.Сарапшылардың болжамынша, «мұндай жағдайда бизнес жаппай қауіпсіз айлақ іздеп, шетелге ағылады, ал Қазақстан бұл үрдістен ең көп пайда көретін елге айналуы мүмкін»
Екінші тірек – заң
Вице-премьер Жаслан Мәдиев «дата-елшілік» режимін ұсынды. Мәні қарапайым: ірі компания Қазақстанға келіп, өз заңымен, өз құқығымен жұмыс істей алады.Үшінші тірек – Яндекстің өзінің ізі бар. Оның Қазақстанда дайын серіктесі – Транстелеком. 2023 жылдан бері бірге.Бірақ осында келіп үшінші тығырық шығады.Неге толық көше алмаймыз?Біріншіден, техникалық кедергі. Көшіру – серверді көтеріп әкелу емес, миды көшіру. Ал миды көшіру үшін карта, навигация, төлем, кадр – бәрі Қазақстанда дербес тұруы керек. Қазір олай емес.Екіншіден, саяси кедергі. Teniz Capital тікелей ескертеді: «Экибастузға американдық чиптері бар, американдық жалға алушысы бар жобаға ресейлік компанияны жіберуі екіталай». Яғни біз жер, жарық берсек те, NVIDIA лицензиясы Яндексті кіргізбеуі мүмкін.Үшіншіден, экономикалық соққы. Яндекс өшкенде не болды? БАҚ-тың хабарлауынша, кейбір жағдайларда такси бағасы үш есеге дейін өсіп кетті. Сондықтан толық көшсе – бір күнде 90% нарық құлауы мүмкін. Көшпесе – әр дрон сайын 90% нарық өшеді.Міне, осы жерде екі ел де бір-біріне қарап үркіп отыр. Ресей – санкциядан үркіп, толық бере алмай отыр. Қазақстан – жүргізушісі жұмыссыз қалады деп үркіп, қатты талап қоя алмай отыр.
Сонда не істеу керек?
Шешім – орта жол.Бірден «бәрін көшір» деп төбелес ашпай, «миыңның бір бөлігін, резервтік жүрегіңді Қазақстанға көшір, біз саған жер, жарық, заң береміз» деп келісу. Бұл – уақыт ұту.Ал іштей – өзіміздің төзімділігімізді жасау. Бізге толық автономия емес, сырттағы соққы кезінде ел тоқтап қалмайтын төзімділік керек. Ол үшін inDrive-ты күшейту аз, отандық резервтік платформаның сұлбасын қазірден сызу керек.Болмаса, ертең тағы бір дрон ұшады, Алматы тағы таксисіз қалады.