1 қазаннан бастап мерзімі 12 айдан асатын шетел валютасындағы депозиттер бойынша ең жоғары сыйақы мөлшерлемесі 1%-дан 2,5%-ға дейін көтерілді.

Бұл өзгеріс долларлық салымға сұранысты арттыра ма
Мамандардың айтуынша, әзірге теңгемен жинақ жасау тиімдірек болып тұр.BCC Invest аналитика және зерттеулер департаментінің макроаналитигі Нәзерке Сәденованың айтуынша, жылдық горизонтта теңгелік құралдардың табыстылығы жоғары.«Ұлттық банктің дерегінше, 2026 жылғы тамызда халықтың жаңа мерзімді депозиттері бойынша орташа мөлшерлеме теңгеде – 14,6%, ал шетел валютасында – 0,9% болды. KASE-де мемлекеттік бағалы қағаздар 14-15,5% берді.
Осындай ставкаларда долларлық салым теңгелік салымнан озу үшін, доллар/теңге бағамы бір жылда 13,5%-дан астамға өсуі керек. Біздің базалық сценарийде теңгенің әлсіреуі бірқалыпты болады», – деді сарапшы.
Доллар, евро, иена – қайсысы сенімді?
Сарапшының сөзінше, BCC Invest үшін ең сенімді валюта – доллар. Қазір 1 жылдық US Treasuries шамамен 4,5% табыс береді.
Доллар: ең сенімді қорғаныс құралы.Еуро: диверсификация үшін.
Болжам бойынша евро долларға шаққанда 1,12-ден 2027 жыл соңына қарай 1,17-ге дейін нығаяды.
Иена: тарихи тұрғыдан арзан. Шілдеде доллар 164 иена болды – 1986 жылдан бергі максимум. BCC болжамы – шамамен 153 иена/$1. Жапония Банкі ставканы 1,25%-ға дейін көтеріп жатыр.
Юань мен лираға абай болу керек
Қытай юанінің жағдайына тоқталған Нәзерке Сәденова оның баяу нығаятынын айтты. Қытайдың сауда профициті 9 айда 938 млрд доллар, алайда юаньдық құралдар 2-3% ғана береді.Ал инфляциясы жоғары валюталардан, мәселен түрік лирасынан абай болу керек екенін ескертті. Түркияда инфляция 30%, лира жыл басынан долларға 13,5% әлсіреген.Теңгеге не әсер етеді?Сарапшы жыл соңына дейін үш тәуекелді атады:АҚШ Федералды резерв жүйесінің ставкасы. АҚШ-та инфляция 3,7%-ға көтерілді.Brent маркалы мұнай бағасы.
Қазанда баррелі $110-нан жоғары болды.Сырттан тартылған капитал. Бір жылда квазимемкомпаниялар мен банктер $12 млрд-тан астам тартты.Сарапшының айтуынша, еліміздің қоры мықты. Қыркүйектегі алдын ала дерек бойынша Ұлттық банк резервтері + Ұлттық қор – шамамен 133 млрд доллар.Айта кетейік, Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда қорытындысы бойынша 28 қазанда доллар бағамы 457,09 теңгені құрады. Ал Brent маркалы мұнайдың желтоқсан айындағы фьючерстері барреліне 114,65 долларды құрады.