Тоқаевтың Түркия сапары аяқталды: 3 күннің түйіні — Анкарадағы саммит.

Ақорданың айтуынша, ТМҰ-ның 13-саммиті «Түркі ғасыры: тіліміз де, ойымыз да, ісіміз де – бір» ұранымен өтті. Бұл — 100 жыл бұрынғы Бакудегі алғашқы түркологиялық съездің жалғасы.
10 млрд доллар қайдан шықты?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Қазақстанның ТМҰ-ға мүше елдермен сауда айналымы 10 млрд долларға жуықтағанын мәлімдеді. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 40 пайызға артық.Мемлекет басшысының атап өтуінше, өсімді сақтау үшін «Түркі әлемінің келешегі – 2040» бағдарламасын сапалы орындау және 2027-2031 жылдарға арналған жаңа стратегияны жедел қабылдау қажет. Стратегия сауда, инвестиция, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және цифрлық технологияны қамтуы тиіс.Ал Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған екі ел арасындағы тауар айналымын 15 млрд долларға жеткізу жоспарланып отырғанын айтты.
90% өсім қайда тіркелді?
Тоқаев экономиканың екінші драйвері – Орта дәліз екенін атап өтті.
Президенттің дерегінше, биылғы 9 айда Транскаспий халықаралық көлік бағыты, яғни Орта дәліз арқылы тасымалданған жүктің жалпы көлемі 30 пайызға өскен. Ал транзиттік тасымал 90 пайызға артқан.Бұл – сенбі күнгі ең маңызды цифр. Себебі Орта дәліз арқылы жүк Қазақстаннан басталып, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан арқылы Түркияға шығады.
Мемлекет басшысының мәліметінше, теміржол арқылы жүк тасымалы 10 пайызға ұлғайып, 40 млн тоннаға жуықтаған. Ал автомобиль тасымалы 20 пайызға өсіп, 6,5 млн тоннаға жеткен.Тоқаевтың Ресей туралы ұсынысы нені білдіреді?Саммиттегі ең көп талқыланған мәлімдеме Ресейге қатысты болды.Тоқаев ұйымның абыройын арттыру үшін Ресейдің «ТМҰ+» форматына қосылу ниетіне оң көзқарас таныту керегін айтты. Оның пікірінше, Ресейді байқаушы ретінде қатыстыру әділетті шешім болар еді.Мемлекет басшысы ТМҰ ешқашан әскери альянсқа айналмауы керек екенін баса айтты. Бұл – Қазақстанның ұстанымы, оны ол мамырда Түркістанда өткен жиында да айтқан болатын.
Сарапшылар бұл ұсынысты ТМҰ-ны саяси емес, экономикалық және көліктік одақ ретінде сақтап қалу әрекеті деп бағалайды.Саммит қорытындысы бойынша Анкара декларациясы қабылданып, ұйымға төрағалық Әзербайжаннан Түркияға өтті.