Қазақ эстрадасында 30 жыл бойы төрден түспеу — қиынның қиыны. Біреулер жанып, біреулер өшіп жатыр. Ал Мейрамбек Бесбаев 30 жылдан бері сол төрде.7 қарашада 50 жасқа толады. Бірақ тойды қазір бастап кетті.

Дайындық қалай жүріп жатыр
Мерейтойлық тур 17 қазанда Тараздан басталды. Туған жері — Талас ауданы. Тараздағы концертте облыс әкімі Ербол Қарашөкеев шапан жапты.Одан кейін:Шымкент — 18 қазанҚызылорда — 19 қазан (осында Серік Ибрагимов шапан жіберген, өзі келе алмай)Ақтөбе — 24 қазанОрал — 25 қазанАстана — 1 қараша (ертең)Талдықорған — 3 қарашаАлматы — 6 қараша, үлкен финалЯғни, дайындық қызып тұр. Алматыдағы Республика сарайындағы финалға билет қалмауы мүмкін.
30 жыл төрде отырудың құпиясы не?
1. Даусыз өмір. Мейрамбек 30 жылда бір рет те дауға ілінген жоқ. Саясатқа араласпады, біреуді боқтамады, той-томалақта арзан күлкі қумады. Халық шаршайтын әншіден емес, тыныш әншіден шаршамайды.
2. «Бозторғай» баладан басталуы. Ол «Бозторғай» әнімен 5-6 жасынан танылды. Халық оны бала кезінен біледі. Бала кезден білетін әнші — туысың сияқты. Оны ысыру қиын.
3. Отбасы — берік қамал. Осы аптада жұбайы Мархабат 24 жыл бұрынғы құпияны ашты. 2002 жылы Республика сарайында концерттен кейін танысыпты. Қыздар суретке жүгіріп жатқанда, Мархабат жүгірмеген. Мейрамбектің көзі соған түскен. 24 жыл — сол қалпы. Бүгінгі эстрадада 24 жыл бір отбасымен жүру — ең үлкен хит.
Оқырман қалай қабылдады?
Тараз бен Қызылордадағы концерттерде халық орнынан тұрып қол соққан. Комментарийде: «Мейрамбек — қазақтың дауысы», «МузАрт — балалық шағымыз» деп жатыр.Біреулер сынады ма? Иә. TikTok-та Тоқтар Серік, Әбдіжаппар Әлқожа мен Ғазизханның Мейрамбектің концертіне дайындықта билеген видеосы тарап, «тойға айналдырып жіберді» деген дау болды. Бірақ ол да — хит қылды.Сенбіге түйін:Мейрамбек 50-ге келсе де, құпиясы қарапайым: даусыз өмір, бала кезден таныс дауыс, берік отбасы. Осы үшеуі 30 жыл төрде ұстайды екен.Ертең Астанада, 6 қарашада Алматыда — үлкен концерт. Билет іздесең, қазірден ізде.