Құрылтайда жұмыс қыза бастады, бірақ сарапшылардың ескертуі қатаң: қате өлшеммен есептесек, салық яхта иесіне емес, ипотекадағы отбасыға тиеді. Мемлекеттің логикасы түсінікті — аса жоғары табыс әділ бөлінуі керек.

Бірақ өлшем мәселесі тұр
Егер салық мүліктің нарықтық бағасына қарап салынса, Алматы мен Астанадағы қарапайым пәтердің өзі «қымбат» боп шығады. Бағаны өсімпаздық көтерді, ал пәтердің өзі — отбасының емес, банктің кепілі. Шағын бизнесте де солай. Айналымы көп көрінгенімен, жалдау мен жалақыны шегергенде таза пайда аз. Ал нағыз ірі капитал яхтасын, вилласын офшорға рәсімдеп, көлеңкеге кете алады. Нәтижесінде ашық жұмыс істейтін орта тап жазаланады.
Құрылтайда не дейді?
Никита Шаталов: Бұл сән-салтанат салығы емес, аса жоғары табысқа төлем. «Бірінші пакетке кіруі мүмкін. Белгілі бір сомадан асқан табысқа +5% деген қағидат болуы мүмкін. Бұл бюджет толтыру емес, әділ бөлу»
Айдос Сарым: «Ауқатты топ аз, бірақ көзге түседі. Нарықта күнде Bombardier сатылмайды. Бірақ алсаң — нарықтан пайда болған аса жоғары табысың бар деген сөз». Асхат Аймағамбетов: Тетік бар — қымбат көлік, яхта, мүлікке салықты көтеру немесе ЖТС-ны прогрессивті ету. Прогрессивті салық қазір проблемасыз жүріп жатыр. Идеяны бәрі қолдайды. Сұрақ — қалай өлшейміз?
Ең нәзік жер — орта тап
Максим Барышев (LS-ке): «Көбі жаңа әл-ауқат жүйесі бойынша ауқаттылар санатына кіріп тұр. Бұл кімдер? Екеуі де ресми жұмыс істейтін, ипотекада пәтері, көлігі, шағын кәсібі бар отбасы. Олар — экономиканы ұстап тұрған орта тап. Оларға тисе, ең тәртіпті төлеушіні жазалаймыз».
Саида Төленова: Адам қымбат баспананы көп жыл бұрын алуы мүмкін, бірақ қазіргі табысы аз. Кәсіпкер керісінше көп айналым көрсетіп, бәрін бизнеске салып отыр.С санаты өте нәзік — бір отбасында асыраушысынан айырылудың өзі әл-ауқатты күйретеді.
Түйін: Салықтан бұрын анықтама керекҚазір үш дауыс бар: «90-жылдардың қарызын қайтарсын», «байлық мәдениеті керек», «цифрландырсақ болды» дейді. Бірақ ешқайсы орта тапты айтпайды. Ал салықтың тағдыры осында шешіледі. Егер өлшем — нарықтық баға болса, ертең ипотекадағы екі бөлмелі пәтер «сәнді мүлік» болады. Егер өлшем — айналым болса, таза пайдасы 300 мыңдық дүкен «ірі бизнес» болады. Ал Bombardier алатын капитал ол кезде офшорда отырады.
Түйін:
Байға салық керек. Бірақ Bombardier алатындарға тиуі керек, ипотекадағы отбасыға емес.Ол үшін 4 анықтама керек:
- Дәулет — жалақы емес, жұмыс істемей ақша табатын мүлік.
- Жеке — бизнес емес, жалақы, дивиденд, жалдау.
- Шек — теңге емес, АЕК-пен бекітілген жүздеген миллион.
- A-E — салық емес, жәрдемақы санаты.
ЕТЖ-да 110 мың адамды бір түнде кедейлер қатарынан сызғандай, енді 110 мың адамды байлар қатарына қосып жібермеу керек. Салық әділ болуы үшін, алдымен өлшемі әділ болуы керек.