Қазақстанда қаржыны екі мекеме реттейді: Ұлттық банк және Қаржы нарығын реттеу агенттігі. Осы аптада екеуі екі бөлек емес, бір ұжым болып қимылдады. Заң жүзінде қосылу жоқ, бірақ бес бағытта ортақ байлам жасалды.

Бір QR — бес елде жарамды
Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Әзербайжан ұлттық QR-жүйелерін тоғыстырмақ. Ұлттық банктің дерегінше, уағдаластық 22-23 қазанда Тәжікстандағы басқосуда жасалды.Тетігі 2026 жылдың соңына дейін әзірленеді. Содан соң қазақстандық өз банк қосымшасымен Ташкентте де, Бакуде де, Бішкекте де төлем жасай алады. Айырбас өздігінен жүреді.2. Бір ереже — цифрлық активке
Қос реттеуші Ашық нормативтік актілер алаңына ортақ қаулы шығарды. Ол Астана халықаралық қаржы орталығы арқылы цифрлық қаржылық актив шығаратындарға ортақ талап қояды.Қарапайым айтқанда, бұл — таңбалағыш емес, заңмен танылған цифрлық құн. Оны шығару тәртібін қос мекеме бірлесіп жазады.3. Банк енді есігін жаба алмайды
2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап Агенттік банктердің дерекқорын тікелей көреді. Әр банк «деректер сөресі» деген жеке қор ашады.Бұрын Агенттік сұрау жіберетін, енді сұраусыз-ақ қарайды. Техникалық жағын Ұлттық банктің цифрлық даму орталығы қамтамасыз етеді.4. Несие алудың жөні бөлек
Аптаның ең қызу талқыланған жаңалығы — Агенттіктің 29 қазаннан күшіне енген №138 қаулысы.Енді банк тұтынушылық несие бергенде адамның:табысын ғана емес,білімін, еңбек өтілін,алғашқы жарнаны қайдан тапқанын да сұрайды.Мұндағы ой — қарызға белшеден батқанды азайту. Тек қыркүйекте ғана Агенттікке 14,7 мың арыз түскен, жартысы банкке қатысты.5. Өсім — 15,75 пайыз
Ұлттық банк негізгі өсімді 15,75 пайыз деңгейінде қалдырды. Бұл — несие қымбат, салым тиімді деген белгі.
Қарапайым адамға не өзгереді?
Шетелде өз қосымшаңмен төлей аласың.Несие алғанда сұрақ көбейеді.Алаяқтан қорғаныс күшейеді, Ұлттық банктің алаяққа қарсы орталығы іске қосылды.Түйін: Қос мекеме заң жүзінде біріккен жоқ. Бірақ іс жүзінде Қазақстан біртұтас реттеушіге қарай бет бұрды. Бір ереже, бір қор, бір төлем.