Бұл жерде сарапшылар болжамы емес, құзырлы орындар қабылдаған шешімдерге басымдық беріледі.

ҚНДРА деректерінде банк өтінімді қарау кезінде адамның қаржылық жағдайы және оның қарыздарын уақтылы төлеу қабілеті бағаланатыны айтылған. Кредиттік тарих пен борыштық жүктеменің жалпы деңгейі маңызды рөл атқарады. Тіпті аздаған қарыз болса да, егер төлемдерде проблемалар болса, қорытындыға әсер етуі мүмкін.
Ломбард алдындағы кешіктіру мақұлдау мүмкіндігін айтарлықтай төмендетеді. Мұндай борыштар басқа кредиттермен және микрокредиттермен бірдей ескеріледі. Бұл ретте қарыздар туралы ақпарат кредиттік бюроларға беріледі, сондықтан оларды жасыру мүмкін емес.
Егер қарыз алушы қарызды уақытында өтемесе, ломбард кепiлге салынған мүлiктi кемiнде 30 күн сақтауға мiндеттi. Осы мерзім ішінде қарызды жабуға және өз затын қайтаруға болады.
Ломбард мерзімі өткеннен кейін кепілді сатуға немесе оны өз меншігіне ресімдеуге құқылы. Бұл жағдайда қарыз шарты өз қолданысын тоқтатады.
Борышты өтеу фактісі құжаттармен расталады. Оларға кепілді сату актісі, мүлікті ломбардтың меншігіне беру туралы шешім және берешектің жоқтығы туралы анықтама жатады.
Кредит беру туралы түпкілікті шешімді банк немесе микроқаржы ұйымы дербес қабылдайды. Заңның талаптары, ішкі саясат және клиенттің төлем қабілеттілігі деңгейі ескеріледі.
Fingramota.kz түсіндіргендей, ломбардтар берілген қарыздар туралы ақпаратты кредиттік бюроларға беруге міндетті, себебі олар банктік кредиттер немесе микрокредиттер сияқты ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарында беріледі. Бұл факт кредиттік тарихта тіркеледі және ақпарат кредитке өтінімді қарау кезінде деректерді ескеретін ЕДБ мен МҚҰ-ға қолжетімді.
Естеріңізге сала кетейік, ЕДБ мен МҚҰ несиеге өтінімді зерттеу кезінде бірнеше факторды бағалайды. Оның ішінде қарыз алушының кредиттік тарихы, кіріс деңгейі, ағымдағы борыштық жүктеме және мерзімі өткен міндеттемелердің болуы.
«Егер қарызгердің ломбардта қолданыстағы қарызы болса, ол қарыздық жүктемені басқа несиелермен және шағын несиелермен тең есептегенде ескеріледі. Кешіктірулердің болуы ерекше мәнге ие. Егер ломбард алдындағы берешек уақытында өтелмесе, бұл несиені мақұлдау ықтималдығын айтарлықтай төмендетуі мүмкін», — делінген материалда.
Сондай-ақ әрбір қаржылық ұйым заңнаманы, ішкі кредиттік саясатты және тәуекелдерді бағалауды ескере отырып, өз бетінше шешім қабылдайтынын есте сақтау маңызды.
Егер ломбард алдындағы қарызды уақытында өтемесе, ол кепiлге салынған мүлiктi кемiнде 30 күн сақтауға мiндеттi. Осы кезең ішінде қарыз алушының қарызын қайтарып алуға және өз затын алуға мүмкіндігі бар. Олай болмаған жағдайда ломбард кепiлдi сатуға не оны өз меншiгiне ресiмдеуге құқылы. Яғни қарыз және кепіл шарты өз күшін тоқтатады.
«Міндеттеменің жабылу фактісі құжатпен расталады — бұл кепілді сату актісі, мүлікті ломбардтың меншігіне айналдыру туралы шешім немесе берешекті өтеу туралы анықтама», — деп нақтылады Fingramota.kz.
Кредиттік тарихқа келетін болсақ, егер қарыз кепілді сату есебінен жабылған болса да, ол туралы ақпарат кредиттік тарихта сақталады. Алайда, егер міндеттеме кешіктірілмей орындалса, оның ықпалы барынша аз, ал төлемдерді кешіктіру және ломбардтарды жиі пайдалану жағдайлары теріс қабылдануы мүмкін.
Осылайша, ломбардтан қарыз алу несие алуға кедергі болмас үшін, қазақстандықтарға бірнеше ережені сақтауды ұсынады. Оның iшiнде берешектi уақтылы өтеу, өзiнiң борыштық жүктемесiн бақылау, кредиттiк тарихты тексеру және ломбардты тұрақты қаржыландыру көзi ретiнде пайдаланбау, сондай-ақ қарызды жабу туралы құжаттарды сақтау.