
Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров Қазақстанда Аи-92 бензині мен жазғы дизель отынының бөлшек сауда бағасы біртіндеп көтерілетінін айтты. Оның айтуынша, баға бірден емес, бірте-бірте көтеріледі. Бұл нарыққа жаңа бағаға бейімделуге мүмкіндік береді.
Үкімет коммуналдық тарифтерді, бензин, дизель отыны бағасын және т.б. көтеруге мораторий енгізді. Бұл ретте мотор отынына мораторий ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап қолданыла бастады. Сонымен қатар, елордалық автожанармай құю станциялары әзірге Аи-92 және дизель отынының бөлшек сауда бағасын көтеру құқығын пайдаланған жоқ — олардың көпшілігінде Аи-92 литрі мораторий енгізілгеннен бері 235-237 теңге тұрады.
- Шекті бөлшек сауда бағасы Аи-92/93 2023 жылғы сәуірде литріне 205 теңгеге дейін (өңірге байланысты литріне 182-187 теңгеден),
- дизель отыны — 295 теңгеге дейін (өңірге байланысты 230-260 теңгеден) көтерілді. 2025 жылдың басында Аи-92 мен дизель отынының бағасын мемлекеттік реттеу алынып тасталды және бағалар біртіндеп көтеріле бастады.