
Бұған дейін қазақстандықтарға алаяқтар ойлап тапқан алдаудың жаңа әдісі туралы ескертілген болатын. Денсаулық сақтау министрлігі SMS-кодтар мен жеке деректерді белгісіз адамдарға бермеуге, сондай-ақ күдікті сілтемелер бойынша өтпеу қажеттігін ескертті.
Ведомствода атап өткендей, мұндай қоңыраулар еліміздің түрлі өңірлерінде тіркеліп қойған және олар, әдетте, медициналық ұйымдардың қызметімен байланысты емес.Денсаулық сақтау министрлігінде атап өткендей, мұндай жағдайларда көбінесе алаяқтардың қолына егде жастағы қазақстандықтар түседі. «Қазіргі уақытта нақты уақыт режимінде пациенттердің келуін бақылауға мүмкіндік беретін хакерлік немесе рұқсатсыз қолжетімділіктің расталған фактілері тіркелген жоқ», — деп толықтырды Денсаулық сақтау министрлігінде.
Қазақстандықтардың дербес деректердің ықтимал жылыстау фактілері бойынша ресми өтініштері келіп түскен кезде уәкілетті мемлекеттік органдарды тарта отырып, тексерулер жүргізіледі.
Ведомство азаматтарды сақтық шараларын сақтауға шақырды:
- SMS-кодтар мен дербес деректерді үшінші тұлғаларға бермеуге;
- телефон арқылы алынған ақпараттың дұрыстығын тексеруге;
- күдікті қоңыраулар кезінде өзінің медициналық ұйымына немесе құқық қорғау органдарына хабарласуға міндетті.
- Сондай-ақ, қазақстандықтарға eGov.kz/eGov Mobile немесе damumed арқылы емханаларға тіркелуін өз бетінше тексере алатынын еске салды.
«Медициналық ұйымдарға қабылдау eGov.kz/eGov Mobile порталы, медициналық ақпараттық жүйелердің мобильді қосымшалары арқылы, сондай-ақ тіркеу орнына телефон арқылы жүгіну арқылы жүзеге асырылады», — деп толықтырды Денсаулық сақтау министрлігінде.
- SMS-кодтар пациенттерге тек цифрлық сервистерде авторизациялау шеңберінде ғана жіберіледі.
- Бұл ретте медициналық ұйымдардың қызметкерлері телефон арқылы SMS-кодтарды сұратпайды