
Үкімет басшысы Олжас Бектенов Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевке базарлардағы заңсыздықтарды жоюды тапсырды. Ол сауда орындарында арнайы топтар отырғанын және олар халыққа керекті тауарларды әдейі қымбатқа сатып жатқанын айтты.
«Жасыратыны жоқ, ол жерлерде ел айтып жүргендей, «ұйымдасқан топтар» заңсыз әрекет етеді. Көкөніс, жеміс-жидек, ет және басқа да өнімдердің бағасы ешқандай негізсіз, қолдан көтеріледі. Міне, осыны нағыз делдалдық схемалар деп айтуға болады. Арман Абайұлы, Ішкі істер министрлігімен, Мемлекеттік кірістер комитетімен және Бәсекелестікті қорғау агенттігімен бірге осы мәселемен нақты әрі жүйелі түрде айналысыңыз», – деді Олжас Бектенов.
Делдал компаниялар нарықтың қолындағы «алмас қылыш» екенін сарапшылардың бәрі айтады. Заң шеңберінде жүйеленсе, мұндай компаниялар сервистік қызмет түрінің жақсаруына сеп болады, алпауыт кәсіпорындардың мүмкіндігін әртараптандырады.
Сарапшы-экономист Талғат Демесінов елдегі әлеуметтік-экономикалық проблемалардың қордаланып қалуына олигополиялық қысым себеп болды деген ойға басымдық берді. Отыз жыл бойы қордаланып, «мұзы қалыңдап кеткен сеңді» тек саяси реформалар арқылы ғана бұза аламыз.
Сарапшы айтып өткендей, біз тұлғаға табыну дәуірінің зардаптарымен бетпе-бет қалдық. Нарықтың 35 пайызын жаулап алған делдал компаниялардың ар жағында тұрғандардың бәрі олигархтармен байланысты екенін еске түсірген сарапшы бізді ауыр сынақтар күтіп тұрғанын, мұны тәуелсіздік үшін күреспен салыстыруға болатынын айтты. Оның айтуынша. делдалдарды біздің тауарлардың шетелдік немесе ішкі нарықтағы түпкілікті құнын арттыру тұрғысынан қарастыратын болсақ, онда бұл зиянкестер. Кейіннен сату үшін тауарлар алу үшін олар шенеуніктер мен басшыларға пара бере алады. Ақыр соңында бұл біздің кәсіпорындардың түсімнің бір бөлігін алмауына әкеледі. Мәселе туындайды: егер делдалдар тауарды 25-30% жоғары бағамен сата алатын болса, демек біздің кәсіпорындар да осындай бағамен сата алады. Бұл 25-30% жалақының өсуіне, технологияның дамуына, өндірісті жаңғыртуға жұмсалуы мүмкін. .
Сонымен қатар, сарапшының айтуынша, негізсіз делдалдық экономикалық қана емес, қоғамдық проблемаларға да алып келеді. Әңгіме жемқорлық мемлекеттік аппаратты ыдыратып, уақыт өте келе олигархаттың пайда болуына алып келетіні туралы болып отыр. «Делдалдықтың мұндай үлгілері қоғамның дамуы үшін өте қауіпті», — деп баса айтты ол.