
2025 жылы Қазақстан халқының нақты ақшалай табысы өткен жылмен салыстырғанда 1,7%-ға азайды. Бұл ретте елдің ЖІӨ-і 6,5%-ға өскеніне қарамастан, халықтың қаржылық жағдайы жақсармаған.
Сондай-ақ үй шаруашылықтарының нақты шығындары да 1,1%-ға қысқарды. Тұтыну құрылымында өзгеріс байқалады: азық-түлікке жұмсалатын шығын үлесі 50,6%-дан 52%-ға дейін артқан, ал азық-түлік емес тауарларға кететін шығын азайған.
Халық табысының негізгі бөлігін еңбек кірістері құрайды — 74,9%. Алайда 2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында нақты жалақы 1,4%-ға төмендеген.
Премьер-министрдің орынбасары — ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 13 мамырда Мәжіліс отырысында қазақстандықтардың табысын қалай арттыратыны туралы айтып берді Оның айтуынша, бағдарламаны дайындау аяқталды. «Мамыр айында оны таныстырамыз деп ойлаймын. Ең үлкен ерекшелік — қатты, сенімді жұмыс орындарын құру. Басқа ерекшелік жоқ», — деді Серік Жұманғарин.
Бюджеттен төленетін төлемдердің, оның ішінде зейнетақылар мен жәрдемақылардың мөлшері мемлекеттің ағымдағы көңіл-күйіне сүйенетін болады. «Экономикаға көптеген факторлар әсер етеді. Сыртқы және ішкі. Қатты, жақсы, ақылы жұмыс керек. Оны жасау үшін экономиканың нақты секторын көтеру қажет. Салық реформасынан алатын 2 трлн теңгенің 1 трлн теңгесін біз «Бәйтерек» холдингіне бердік. Біз оны не үшін бердік? Кәсіпорындар құру үшін, мықты жұмыс орындары болуы үшін. Қалған ақшаны біз ауылда жұмыс орындары болуы үшін ауылға береміз», — деп қосты ҰЭМ басшысы.
Жұманғарин кейбір салаларда, оның ішінде қаржы және құрылыс секторларында жалақы төмендегенін мойындады. Ал ауылдарда жағдай жақсы.
«Биыл ауылда нақты жалақы көтерілді. Бұл жалақының өсу бағытының бірі. Жақсы көрсеткіш», — деп есептейді вице-премьер.
Сырт көзге бәрі тап-тұйнақтай көрінгенімен халықтың табысының артуына мүмкіндік беретін карта әлі құпиясын ашқан жоқ: Жұмысын орындарын көптеп ашқанмен, оның әрқайсысының мемлекетке қаншаға түсетіні, өндірістік тиімділік одан 1.5 есе көп боғлан жағдайда ғана шығынның өзін-өзі ақтайтыны белгілі. Әзірге Жұманғарин командасы жұмыс орындарын ашу арқылы халықтың табысын артырамыз деген әдемі елестен айырыла алмай жүрген сиякты.