Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) қаулы жобасын жариялады.

Егер Екінші деңгейлі банк (ЕДБ) немесе Микроқаржы ұйымы (МҚҰ) несие шартын өзгертуден бас тартса, қарыз алушы сотқа дейін банктік немесе микроқаржы омбудсменіне жүгіне алады. Бұл – бұрын болмаған заңды мүмкіндік. Бұған дейін банк «талапқа сай емессіз» деп бір ауыз сөзбен жауып тастайтын.
Бұл қызмет тегін бе?
Банктік және микроқаржы омбудсменіне жүгіну – қарыз алушы үшін тегін. Оның жұмысын банктер мен МҚҰ-лар өздері қаржыландырады. Яғни, азамат сотқа ақша төлеп, адвокат жалдамай-ақ, дауды сотқа дейін шеше алады.Банктер жеңіп шығудың мың түрлі тетігін дайындап қойғанын осыған дейін жазғанбыз.
- Ең жиі қолданылатын 3 тетік: «Талапқа сай емессіз» – себебін түсіндірмеу.
- Қазір жаңа қаулы бойынша банк бас тарту себебін жазбаша, дәлелдеп беруге міндетті.
- Уақыт созу. Азаматты 30-60 күн күттіріп, мерзім өткізіп жіберу.
- Жаңа ережеде банк 15 күн ішінде жауап беруі тиіс, ал бас тартса – омбудсменге жүгіну құқығы бар екенін өзі ескертуі керек.
- Екі-үш банкте қарызы бар адамды әр банк жеке-жеке қысады.
Енді Finkgilik.kz / ұжымдық реттеу платформасы арқылы 2 және одан да көп кредитор алдындағы қарызды бір жерде, бір кестеге келтіруге болады. Кепілсіз несиелер үшін – бұл міндетті тетік.
Қарапайым азаматтың құқығы қалай қорғалады?
Заң бойынша 3 қабат қорғаныс бар:1-қабат – Банкке өтініш: Қиналған жағдайда қарыз алушы шартты өзгертуді (мерзімді ұзарту, төлемді азайту) сұрай алады. 2-қабат – Омбудсмен (жаңа): Банк бас тартса, 3 ай ішінде омбудсменге жүгінесің. Омбудсмен – тәуелсіз медиатор. Ол банкке міндетті шешім шығара алады. Бұл – сотқа дейінгі соңғы мүмкіндік. 3-қабат – Ұжымдық реттеу: Егер қарыз 2+ ұйымда болса, арнайы электрондық платформа арқылы бірыңғай өтеу кестесі жасалады. Келіссең – 3 күн ішінде хаттама мен әр кредитормен медиативтік келісімге қол қоясың. Келіспесең – рәсім тоқтап, қайта жүгіне алмайсың.
Ең маңыздысы: Банк енді «омбудсменге бара аласыз» деп өзі айтуға міндетті. Айтпаса – бұл ҚНРДА тарапынан айыппұлға әкелетін бұзушылық. Омбудсмендер осы жүктемеге дайын ба?
Бүгінде бір омбудсменге мыңдаған өтініш түссе, 15 күнде шешім шығара ала ма – осыны ҚНРДА қаулысымен бірге ойластыруы керек.