Қырғызстан ақ қант импортына 6 айға уақытша тыйым енгізуді ұсынып отыр. Тиісті қаулы жобасы қоғамдық талқылауға шықты.Неге жауып жатыр?

2026 жылдың қаңтар-шілде айларында елге 66,9 мың тонна қант кірген. Бұл өткен жылдан 4 есе көп. Негізгі жеткізушілер – Бразилия (29,9 мың т), Ресей (21,2 мың т), Әзербайжан (8,6 мың т), Қазақстан (3,8 мың т) және Беларусь (2 мың т).Арзан импорттан жергілікті қызылша өсірушілер зардап шегіп отыр. Қырғызстанда екі ғана қант зауыты қалған, егіс алқабы 12 мың гектарға дейін қысқарған.
Үкімет биыл 84 мың тонна қант өндіріп, ішкі нарықтың 6 айлық қажетін жабамыз деп отыр.Тыйым күшіне енген соң ай сайын мониторингболады. Дефицит болса, шектеуді мерзімінен бұрын алып тастайды. Қаулы ЕАЭО комиссиясы мен ДСҰ-ға хабарланады.
ЕАЭО аясында бірыңғай тыйым неге қауіпті?ЕАЭО – бірыңғай кеден аумағы. Сондықтан Қырғызстанның тыйымы үшінші елдерге – Бразилия, Әзербайжан қантына қарсы бағытталған. Ресей, Қазақстан, Беларусь қантына ресми тыйым сала алмайды.
Егер мұндай шешімді ЕАЭО елдері бір уақытта қабылдаса
• Баға өседі. Қырғызстан да, Қазақстан да өзін қантпен 50-60% ғана қамтиды. Импортты бәрі жапса, тапшылық басталады. 2022 жылы Қазақстанда қант бағасы 800 теңгеге дейін шарықтағаны есімізде.
• Контрабанда көбейеді. Шекара ашық. Арзан бразилиялық қант Қазақстан арқылы «қазақстандық тауар» болып Қырғызстанға өтіп кетуі мүмкін. Сондықтан Қырғыз кеденіне күшейтілген бақылау тапсырылған.
• 3. Біздің зауыттарға екіұшты әсер. Бір жағынан, қырғыз нарығында қазақ қантына орын ашылады. Екінші жағынан, Қазақстан да тыйым салса, отандық тәтті, сусын өндірушілер қымбат шикізатқа отырады.
Сондықтан Қазақстан әзірге тыйым емес, баж бен квота тетігін қолданып отыр.