Үкімет резервін пайдалану ережесі өзгерді. 2026 жылғы 21 қазандағы №940 қаулы бойынша, енді әкімдіктер өз резервтерін жылу компанияларының залал-берешегін өтеуге жұмсай алады.

Бұған дейін резерв тек төтенше жағдайға – су тасқыны, өртке ғана берілетін. Енді оған жылу да қосылды.
Кім алады?
Ақшаны кез келген ЖЭО ала алмайды. Үш шарт бар:Оңалту режимінде болуы керек. Электр және жылу өндіруі керекБалансында 20-дан көп жылу көзі болуы керекБұл – Семей, Риддер, Екібастұз, Теміртау.
Бұл нені білдіреді?
Үкімет жылу компаниялары өз шығынын өздері жаба алмайтынын ресми мойындады. Еліміздің экономикасы нарықтық емес, әлеуметтік модельге көшіп барады. Жылуды нарық емес, бюджет жылытады.Ендігі жауапкершілік толық әкімдікте. Қаржы жылы біткен соң, әр теңгенің неге резервтен алынғанын, неге бюджетте жоспарланбағанын дәлелдеуге міндетті.