Halyk Research доллар жыл соңында 515 теңге болады деп болжап отыр. Доллар қымбаттаса, әкімдіктің резерві жұқарады. Ал үкімет дәл қазір Риддер мен Екібастұздың жылу орталықтарын құтқаруды сол резервке жүктеді.

Жаңа ереже бойынша, коммуналдық ЖЭО-лардың залалы енді жергілікті әкімдік резервінен жабылады. Қаржы алу үшін үш қатаң шарт бар.Біріншісі – оңалту. Кәсіпорын жабылып қалмауы керек, сот арқылы сауықтыру жолында болуы тиіс. Яғни, мемлекет тек әлі жұмыс істеп тұрған, бірақ уақытша қиындыққа тап болған ұйымды ғана қолдайды.
Екіншісі – қызмет бағыты
Кәсіпорын электр және жылуды қатар өндіруі керек. Тек жылу беретін қазандықтарға ақша берілмейді. Бұл қолдау тек қаланы жарықпен де, жылумен де қатар қамтитын ірі ЖЭО-ларға ғана арналған.
Үшіншісі – ауқым. Кәсіпорынның теңгерімінде 20-дан астам жылу көзі болуы керек. Бұл бір-екі қазандық емес, тұтас қаланы жылытатын үлкен жүйе. Мұндай ауқым Риддер, Екібастұз, Теміртау, Семей сияқты жылу жүйесі күрделі қалаларда ғана бар.Сонымен қатар, жаңа қағидада бақылау күшейтілген. Резервтен ақша алған әкімдіктер жыл соңында есеп беруге міндетті.
Бірақ дәл осы жерде Halyk болжамы қауіп тудырады
Аналитиктер IV тоқсанда Ұлттық банк валюта ұсынысын азайтады, базалық мөлшерлеме 15,5%-ға дейін түседі, инфляция 10%-ға жетеді деп отыр. Ал 2027 жылы доллар 515 теңге болуы мүмкін.Яғни, әкімдіктердің резервіне салмақ түсетін кезде, сол резервтің өзі қысымда қалады.
Түйін: Ақша құймас бұрын, есепті ашу керек.