Ұлттық Банк 23 қазанда базалықты 16,25%-дан 15,75%-ға түсірді. Биылғы 4-ші рет. Инфляция 9,3%-ға баяулағаны көмектесті.

Бұл нені білдіреді? Депозиттің пайызы сәл түседі. Ал несие бірден арзандамайды. Ұлттық Банк жыл соңына дейін осы деңгейде ұстаймыз дейді. Бұл теңге үшін қатаң сигнал.2. KASE-де тарихи рекорд
Нарық капитализациясы алғаш рет 50,2 трлн теңгеден асты. Жыл басынан +28,8% өсім. Индекс 8 121.
Көшбасшы кім?
Kaspi.kz пен Қазатомөнеркәсіп. Күніне 9 мың мәміле. Бұл халықтың қор нарығына қайта сенгенін көрсетеді.3. Қарызға тежеу салынды
ҚНРДА қатаңдатты. Нәтижесінде тұтыну несиесінің өсімі 14,6%-дан 7,5%-ға түсті. Енді 90 күн кешігуі бар адамға жаңа несие берілмейді.
Банктер үшін бұл – NPL азаяды деген сөз. Халық үшін – қарызға белшесінен батпайсың.4. Доллар қайта 455-ке кетті
Базалық түссе де, теңге әлсіреді. 27 қазанда KASE-де доллар 455,63 болды (+3,52). Ресми бағам – 451,05.
Импорттаушылар мен долларда несиесі барларға – минус.5. Басты тренд: 5,85 млн инвестор!
Орталық депозитарийде шот саны 5,85 млн-ға жетті. Рекорд. Оның 5,15 млн-ы – брокерлер арқылы ашылған. Жеке тұлғалар үлесі 51,7% – яғни нарықты халық жасап отыр.
Кім келіп жатыр? Негізінен 25-44 жас. Kaspi, Halyk Finance, Freedom арқылы. Жаңа ұран: «Депозит емес, дивиденд».Түйін: Нарық қызып тұр, реттеуші тежеп тұр. Осы тепе-теңдік – инвестор үшін ең жақсы сәт.