2027 жылдан учаскелік дәрігер айына 148 мың теңге артық алады. Бұл үшін 137 млрд керек, оның 103 млрд-ы — біз төлейтін МӘМС-тен.

Нан қымбаттай ма?
Денсаулық министрі Ақмарал Әлназарова 29 қазанда нақты сан айтты. Учаскелік қызметке жыл сайын 137 млрд теңге керек. 2027-2029 жылдары төленеді.77 мың адамға бөлінеді. Айына шаққанда бір дәрігерге 148 мың теңгеден келеді. Қазір 350 мың алатын дәрігер енді 498 мың алады. Өсім — 40%.
Ақша екі тетіктен келеді
34 млрд — бюджеттен. Бұл — салық.
103 млрд — МӘМС қорынан.
Бұл біздің жалақыдан ұсталатын жарна. Яғни әр 4 теңгенің 3-ін халық өзі төлейді. МӘМС былтыр 1,4 трлн жинады, соның 103 млрд-ы енді осыған кетеді.
Бұл нанды қымбаттата ма?
Тікелей — жоқ.Айына нарыққа 11,4 млрд артық шығады. Айналымда 42 трлн жүргенде бұл тамшы ғана — 0,02%. Баға қозғалмайды.Қауіп басқа жерде.Бүгін учаскелікке 40% берсең, ертең жедел жәрдем де, мұғалім де, полицей де сұрайды. Сонда 137 млрд емес, 1,5 трлн керек болады. Сол кезде инфляцияға 1-2% қосылады.
Басқа жол бар ма?
Бар.Бірінші — басы артық ақшадан алу. МӘМС-те былтыр 300 млрд игерілмей қалған. Аудит тапты. Соны алса — жаңа ақша баспайсың, инфляция өспейді.Екінші — айлық емес, адам қосу. Қазір бір дәрігерге 2200 адам келеді, нормасы — 1700. 15 мың дәрігер қоссаң, жүктеме азаяды. Дәрігер шаршамайды, халық кезекте тұрмайды.Ал қазіргі жоспармен 34 млрд бюджеттен алынады. Ол дегенің — бір жерді қысқартасың немесе салық өсіресің. Ол 0,3% инфляция әкеледі.
Түйін:
148 мың — дәрігерге қуаныш. 103 млрд — бізге ойлану. Бүгін 77 мыңға берген ақша ертең 1,5 трлн боп кетпесе болғаны.