Кеше Үкімет отырысында ең төменгі жалақы 110 мың болатыны айтылды. Бірақ уәде заңдастырылған жоқ, бюджетте әлі 85 мың тұр. Доллар 453 маңында тұр.

Не уәде, не заң – таратып айтамыз
ЕТЖ соңғы рет 2024 жылғы 1 қаңтарда 85 мыңға көтерілген. 29 қазанда вице-министр Азамат Әмрин өсім 2027 жылғы 1 қаңтардан басталатынын айтты.14 қазанда бірінші оқылымнан өткен 2027-2029 жылдарға арналған бюджет жобасында ЕТЖ әлі 85 мың деп тұр. Яғни 110 мың әзірге Үкіметтің уәдесі. Бюджетке, заңға әлі енбеді. Жұманғариннің өзі бюджет 3 оқылымнан өтеді, уақыт бар дейді.
Кім не дейді?
Депутаттар бұған дейін 150 мың ұсынған. Жұманғарин 14 қазанда бұл мәселе талқыланып жатыр, шешім жоқ деген.Халық 110 мың жетпейді дейді. Кәсіпкерлер ЕТЖ өссе, салық, айыппұл, әлеуметтік төлем бәрі өседі деп отыр.
Доллар 453 – нарықта не болып жатыр?
3 қарашада доллар 453,26 теңге болды. 4 қарашада Қазақстан қор биржасында сауда 452,91 теңгемен аяқталды. Бұл алдыңғы күннен 0,35 теңгеге төмен. 5 қарашада ресми курс 452,91 теңге болып бекітілді.Айырбастау орындарында 5 қараша таңертең жағдай мынадай болды. Алматыда долларды 452,38 теңгеден сатып алып, 454,17 теңгеден сатты. Астанада сатып алу 450 теңге, сату 457 теңге болды. Шымкентте сатып алу 452,55 теңге, сату 454,51 теңге болды. Евро 509,43 теңге, рубль 5,53 теңге болды.Яғни доллар құлаған жоқ, көтерілген де жоқ. 453 маңында тұрақтады. Нарық Үкіметтің шешімін күтіп тұр.Доллар неге 453-те тұрақтады?
Halyk Finance сарапшылары бір қызық жайтты байқады.
Биржада валюта саудасы түсініксіз түрде күрт өскен.10 айда биржадағы сауда көлемі 78,8 млрд долларға жеткен. Былтыр осы уақытта 49,4 млрд доллар болған. Яғни 29,4 млрд долларға, 59,5 пайызға өскен.Сарапшылардың сөзінше, теңгеге 3 нәрсе көмектескен.Біріншісі – экспорттан түскен ақша көп болды. Баға қолайлы болды.Екіншісі – шетелдіктер мемлекеттік бағалы қағаздарды көп сатып алды.Үшіншісі – қайдан келгені толық белгісіз валюта ұсынысы пайда болды.Ал Ұлттық банктің өзі керісінше, валютаны 2 есе аз сатқан. Яғни теңгені Ұлттық банк емес, басқа көздер ұстап тұр.Halyk Finance былай дейді. Қазіргі курс тек сұраныс пен ұсынысты көрсетпейді. Оған қосымша, ашық деректерден көруге келмейтін валюта көздері де әсер етіп отыр.
Еске салайық. Қазан айында теңге 3 пайызға әлсіреген. Қыркүйек соңында 440,49 теңге болса, қазан соңында 453,77 теңге болды.Алдағы курс экспортқа, импорт сұранысына, Ұлттық қор операцияларына және сыртқы жағдайға байланысты болады.Түйін: 3 қараша уәделер күні болды. Халыққа 110 мың, бизнеске 3 жыл тыныштық, елге 6,5 трлн құрылыс уәде етілді. Бірақ үшеуі де әлі заң емес. Бюджетте 85 мың тұр. Мораторийде қаралады деген сөз тұр. 6,5 трлнда бөлінеді деген сөз тұр.Ендігі сұрақ мынау. Бұл уәделер 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін заңға айнала ма, әлде қағазда қала ма? Доллар 453-те тұрақтап, нарық та соны күтіп тұр.