Апта басында Баян Алагөзованың Қыз-Жібектің қызғылт камзолына қатысты пікірі медиа-нарықтың дене-қызуын қызыл сызықтан көтеріп жіберді.

Шынымен, жарты ғасырдан бері теңдесі жоқ туынды ретінде төрімізден түспеген кино кейіпкерінің сахналық киімдері қайда?
2017 жылы Құман Тастанбековтан, өткен жылы қазақтың абызы мен аңызындай көретін Асанәлі Әшімовты жаназасы кезінде көпшілік қауым олардың сахналық образдарын еске түсірді. Құман -Төлегенді, Асанәлі -Бекежанды сахналық образымен бірге шығарып салғанда жөн болар ма еді деген ащы мұң бәріміздің санамызда тұрды.
Қыз-Жібек түсірлгелі бері жарты ғасырдан көп уақыт өтті. Содан бері әлем жұртын тамсандырған сахналық образ да тарих қойнауына сіңіп кетті. Кейінірек Виктор Пұсырмановтың «Тоғызыншы ұлдан сақтан, дұшпан» фильмінде малшы Ержанның ұлы Еркенжеден Төлегеннің бас киімін көрермен бірден танығанбыз.
Ресми деректерде Жібектің 10 түрлі костюмі болу керек деп бекітілгені айтылған
Жасанды, боялған материал экранда білініп қалады деп костюмдерге қажетті барқыт, мақпал, жібек, шәйі, батсайы, пүліш, көйлек-камзолды әдіптейтін құндыз, сусар, елтірі, киімді оқалайтын жақат, інжу-маржан қолданылды.
Ал Төлеген мен Бекежанның сахналық киімдері туралы мәліметтер тым жұтаң: Осы материалды дайындау барысында киноны қайта қарап, Бекежан-Асанәлі мен Төлеген Құманның сахналық киімін 3-4 -мен ғана түгелдедік.
Қыз-Жібек классикалық кино туынды.
Кезінде Асанәлі Әшімов Париж сапары кезінде француздар қазақтың ұлттық киімдеріне таң қалғанын айтқан. Абыз ағамыз «Бекежанның сахналық киімдері қалай сақталды, көз қырыңызды салып жүресіз бе?» деген сұрағымызды оны киностудияның басшыларынан сұрағаның дұрыс деп жауап берген.
Кезінде Әшімов айта алмай кеткен құпия енді ұмытыла бастаған кезде қайта жаңғырды
Қыз Жібектің қызыл қамзолы алдымыздан жарқ ете қалды.
Баян Алагөзова бұл камзол актриса Меруерт Өтекешованікі екенін, оны үйінде сақтайтынын айтты. Ал Мәдениет және ақпарат министрлігі продюсердің осы видеосына қатысты пікір білдіріп, камзолдың жеке қолға қалай өткені анықталып жатқанын мәлімдеді. Министрлік мәліметінше, «Қазақфильм» киностудиясының музей қорында «Қыз Жібек» фильмінде пайдаланылған бір камзолдың түпнұсқасы сақтаулы.
«Бұл жәдігер ұлттық кино өнерінің маңызды мәдени мұрасы ретінде қорғалған. Ал продюсер жариялаған жазбадағы екінші камзолдың жеке қолға қалай өткендігі анықталуда», – делінген хабарламада.
Баян Алагөзованың айтуынша, бұл камзол 50 жыл бойы ешкімге керек болмаған, «Бұл костюм ешкімге ештеңе қарыз емес. Ол ешбір құжатта, ешбір баланста тіркелмеген. Оны бір қадірлі әйел үйінде сақтап келген. Енді ол оны сенімді қолға тапсырғысы келді. Жылына 30 адам ғана келетін музейге емес. Маған беруді жөн көрді», дейді продюсер әлеуметтік желідегі парақшасында.
Бұл хабар тек Баянның ғана емес, қоғамның да мәдение шогынан да шоқ болды.
Құнды жәдігер ретінде орталық мұражайдың төрінде тұруы тиіс құнды жәдігерлер жеке қолға қалай өтті: Ол Баян Алагөзоваға қандай шартпен бірілді… Қазақ фильмнің меншігі болып табылатын жәдігердің жеке қолға өтіп кетуіне Казақ фильм қалай жол берді.
Журналист Гүлбану Әбенова әлеуметтік желіде «Қыз Жібек» фильміндегі реквизиттің жеке адамның қолына өтуіне қатысты өз наразылығын білдірді
Оның айтуынша, егер бұл шынымен де атақты тарихи фильмде пайдаланылған, белгілі суретші Гүлфайрус Исмаилованың қолынан шыққан Жібектің қамзолы болса, онда оның жеке адамдардың иелігіне қалай өткеніне қатысты көптеген сұрақ туындайды. Істің байыбына бару үшін ол қазақ фильмнің баспасөз қызметіне хабарласқан. Бірақ олар жауап беруден бастартқан. Оның айтуынша, егер бұл шынымен де атақты тарихи фильмде пайдаланылған, белгілі суретші Гүлфайрус Исмаилованың қолынан шыққан Жібектің қамзолы болса, онда оның жеке адамдардың иелігіне қалай өткеніне қатысты көптеген сұрақ туындайды. Істің байыбына бару үшін ол қазақ фильмнің баспасөз қызметіне хабарласқан. Бірақ олар жауап беруден бастартқан. «Қыз-Жібек» қазақ киносының інжу-маржаны. Фильмнің басты кейіпкерлері Қыз-Жібек пен Төлегеннің қанша сахналық киімі болғанын және оның қазір қандай жағдайда екенін түгендеп жатқан ешкім жоқ.
Тарих үнсіз қалғанда тарихи жәдігер сөйлейді
Егер, Баян Алагөзова айтқандай бұл қамзолдың ешбір құжатта, ешбір баланста тіркелмеуін тарихқа, әсіресе кино тарихқа деген көзқарасымыздағы солшылдықтың балалық дерті. Кейде Баян Алагөзова айтпакшы мұндай құнды жәдігерлер жылына 30 адам ғана баратын мұражайда тұрғаныннан, бірнеше миллиондық аудиториясы бар Баянның қолында тұрғаны жөн деген ой қылаң беріп қалады.
Кино индустрияның мүмкіндігі әртараптандырылып кеткенін көзіміз көріп жүр. Түркияның атақты Сұлтан Сүлеймен телехикаясы кейіпкерлері киген киімі туристер үшін қызықты. Мұндай мысалдарды тіпті көп.
Осы материалды дайындау барысында кешегі өткен абызымыз Асанәлі Әшімовтың жары Бағдат Әшімованың пікірін білмек болып хабарластық.
«Асекеңнің мұрайжайына қойылатын құнды дүниелер. Бірақ оның қайта сақталғанын білмеймін», — дейді Бағдат Әшімова.
Ал Асекеңнің шәкірті Азамат Сатыбалды «Қазақ фильмнің» мұражайында Қыз-Жіюектің кейіпкерлерінің біраз киімдері сақталғанын айтады. Бірақ оның қандай күйде екені туралы мәселе бөлек тақырып.
Кино тарихымыздан ойып орын алған әрбір туындымызға қатысы бар әрбір жәдігерге мемлекеттік стратегиялық маңызы бар туынды деген мәселені заңдастыратын кез келді. Оның бас иесі Бізбіз. Сан-Петербордағы, тіпті Ташкенттегі қазақ тарихынан хабар беретін құжаттардың көшірмесі ғана қолда. Түп-нұсқа басқа жақта. Күні ертен Жібектің қызыл қамзолы қолдан -қолға өтіп, көшірмесі ғана елге жетпесіне ешкім кепілдік бермейді. Себебі тарих үнсіз калғанда тарихи жәдігер емес, тас та сөйлейді…