Осыған дейін сарапшылар деңгейінде айтылып келе жатқан ұсыныс бұл жолы басқа қырынан танылды.

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы кеңесінің төрайымы Елена Бахмутова Қазақстанда жобалардың бір бөлігін даму мемлекеттік институттарынан банк секторына беруді ұсынды. Оның айтуынша, операциялық тұрақтылық сатысына шыққан даму институттарының жетілген жобаларының бір бөлігін біртіндеп банктерге беруді перспективалы.
«Бұл даму институттарына жаңа жобаларды іске қосу үшін капиталды босатуға, ал банктерге экономиканы ұзақ мерзімді қаржыландыруға қатысуды кеңейтуге мүмкіндік береді», дейді ол.
Бұдан өзге, Е.Бахмутова ағымдағы жағдайда инвестициялық қаржыландыруды, әсіресе ірі жобаларды кеңейту барлық қатысушылардың өзара тығыз іс-қимылын талап ететінін атап өтті.
Ол бүгінде ЕДБ мен мемлекеттік қолдау институттары арасында тәуекелдерді бөлу есебінен ірі инвестициялық жобаларды бірлесіп қаржыландыру тетіктерін дамыту аса маңызды екенін қосты. ҚҚҚ басшысы мұндай тәсіл ірі инфрақұрылымдық және өндірістік жобалар үшін қолжетімді қаржыландыру көлемін ұлғайтуға, тәуекелдер шоғырлануын азайтуға, мемлекеттік капиталды неғұрлым тиімді пайдалануға, сондай-ақ банк секторының нарықтық сараптамасын тартуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Кейін Сенат отырысында ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов аталған ұсыныстарды қолдады.
Ол бастаманы сәтті деп санайтынын айтып, «Бәйтерек» холдингіне кіретін барлық даму институттары ЕДБ-мен ынтымақтастыққа мүдделі екенін мәлімдеді.Оның айтуынша, мемлекеттік холдингтің өзі қолданыстағы банктік несиелерді қайта қаржыландыруға ашық, ол түсіндіріп өткендей, бұл ЕДБ-ні экономиканың нақты секторының жобаларын қаржыландыруға тартуға және сонымен бірге жаңа қарыздар үшін «Бәйтерек» ресурстарын босатуға мүмкіндік береді.
Ә.Қасенов сондай-ақ ведомство синдикатталған қарыздарды дамытуды қоса алғанда, бастаманы толық қолдайтынын, оның шеңберінде банктер мен даму институттары жобаларды бірлесіп қаржыландыратынын хабарлады.