Қазақстандағы саяси реформалар мен мемлекеттік басқаруды институционалдану процестері қоғамдағы сенім мен билік құрылымына әртүрлі әсер ете бастады. Билік жүйесі жаңарып, Конституцияға бірқатар маңызды өзгерістер енгізілді. Басқаша айтқанда үкімет құрамы -билік жүйесі технократтармен толығайын деп тұр. Қоғамның күткені де осы еді. Олигархтарды технократтар алмастырған кезде, мемлекеттік басқару жүйесі бейресми кландардың ықпалынан арылып, ресми заңдар мен кәсіби тиімділікке негізделетіні халықаралық тәжірибеден белгілі.

Мемлекеттің бағыт-бағдарына ықпал ететін орындарға кәсіби мамандар келсе, билік пен бизнес ажырайды
Экономикалық және әлеуметтік жобалар эмоцияға емес, нақты статистика мен есепке сүйеніп жасалады.
Мемлекет элиталық топтардың ықпалын азайтып, кәсіби мемлекеттік аппарат құруға тырысуда. Мемлекеттік органдардың қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаулар жүйелі түрде жүргізіліп, комплаенс-қызметтер жұмысы күшейтіліп, экономикалық активтерді мемлекетке қайтару тетіктері іске қосылып, жекелеген топтардың монополиялық ықпалы әлсіреді.
Саясаттанушы Ғазиз Әбішевтің айтуынша, Ғазиз Әбішевтің бұл пікірі Қазақстандағы соңғы жылдары өткен саяси реформалар мен сайлау науқандарының елдің жаңа бағытта дамуына және ашықтығына ықпал еткенін көрсетеді. Бұл туралы ол Астанада өткен «Болашақ бейнесі: нәтижелерді саралаудан – жаңа күн тәртібіне» атты National Think Tank Forum барысында айтты.
«Осыдан 10-15 жыл бұрын, мысалы, Ахметжан Есімов, Нұрлан Нығматуллин, Дариға Назарбаевалардың қандай лауазымдарды атқарғаны маңызды емес еді. Және оларды лауазымнан лауазымға ауыстырған кезде элиталардағы, қаржы-өнеркәсіп топтарындағы күштердің нақты теңгерімі онша өзгерген жоқ. Қазір бұл фактор айтарлықтай әлсіреді» — деп санайды Ғазиз Әбішев.
Мысалы, мемлекет басшысы маусым айының ортасында әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының құрылысын баяулатқаны және жұмысты тиісті деңгейде ұйымдастырмағаны үшін төрт өңір басшысына ескерту жасап, тапсырмалар жүктеді. Ғазиз Әбішев мұндай қатаң ескертулер әкімдердің жұмысына берілген нақты сынақ екенін және талапқа сай жұмыс істей алмағандар қызметтен босатылатынын атап өтті.
Дәл солай президент бірнеше жыл бұрын көлік министріне ескерту жасады, жағдай түзетілмеген кезде ол жұмысынан айрылды.
«Бұл адам өз лауазымын атқарған кезде үлкен жауапкершілікте болатын ойынның неғұрлым айқын, түсінікті ережелері. Ашық айтылатын шағымдардың тым көп саны жинақталған соң, ол өз лауазымынан айрылады, маңызды тұлға болмай қалады және қандай да бір ерекше кланды білдірмейді», — деп түсіндірді спикер.
Жария билік пен жеке мүдделер арасындағы демонстрациялық қақтығыстың азаюы байқалады
Ол атаған тағы бір тренд — саяси-басқару сыныбын жаңарту. 30+ жастағы жастар жоғары лауазымдарды жиі иеленеді.
«Саяси сыныпты нақты ауыстыру, басқаруды институционалдандыру, мүдделер қақтығысын азайту адамдардың саяси жүйеге деген сенімін арттырады. Интернетте жастар қақтығыстарда өткен онжылдықтағыдай ұрыспайды, бір-бірін бірден бейнекамераға түсіреді деген әзіл бар. Жариялылық бюрократиялық аппарат үшін өте сезімтал факторға айналды. Адамдар енді элитаның өзін өзгелерден жоғары қоюын және жазасыздықты қабылдамайды. Егер ол заң бұзушылықты тіркеп, смартфонында дәлел болса, онда міндетті түрде әділеттілікке қол жеткізетінін, полиция қылмыс жасаушыны жазалайтынын адам біледі. Біз айтып отырған сенімді бір рет жинап, оны мәңгі сақтап қалу мүмкін емес. Сенім – динамикалық үдеріс: ол бірде артады, бірде азаяды. Сондықтан оны тұрақты деңгейде ұстап тұру қажет», — деп атап өтті саясаттанушы.
Цифрландыру, мемлекетке деген сенімнің артуы адамдардың демонстрациялық элитарлық пен жазасыздыққа төзбеуіне алып келді. Қазір ондай жоқ.
Сарапшының айтуынша, біз мемлекеттік аппаратқа белгілі бір сенімділік деңгейіне жеттік, бірақ осы межеге қол жеткізе отырып, тыныштана алмаймыз. Сенім жинақталып, жұмсалуда, сондықтан оны тұрақты дәлізде ұстау қажет. Және де мемлекет азаматтардың санасынан тыс сенімін арттырады.