Мұнайсыз тапшылық көрсеткіші — бұл мемлекеттік бюджеттің мұнай-газ секторынан түсетін кірістерді есепке алмағандағы тапшылығы. Республикалық бюджеттің сегіз айлық орындалуы жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді.

Қаржы министрлігінің 1 қыркүйектегі есебіне сәйкес, қаңтар-тамыз айларында республикалық бюджеттің тапшылығы 2,683 трлн теңге болды. Бұл – есепті кезеңге арналған жоспардан (2,929 трлн) 246,6 млрд теңгеге кем. Жылдық бекітілген жоспар – 4,595 трлн теңге, оның 58,4 пайызы сегіз айда орындалды.Кіріс – 14,82 трлн теңге, шығыс – 16,97 трлн теңге.
Әлеуметтік міндеттемелер толық орындалды
Бірақ еЕң маңызды көрсеткіш – мұнай емес тапшылықБюджеттің орнықтылығын бағалаудағы негізгі индикатор – мұнай емес тапшылық. Бұл көрсеткіш бюджеттің мұнай саласына тәуелділігін көрсетеді. Сегіз айда мұнай емес тапшылық 6,32 трлн теңге болды. Жылдық жоспар – 9,059 трлн теңге. Яғни жылдық меженің 69,7 пайызы орындалды.
Бұл – салықтық базаны кеңейту, өңдеу өнеркәсібі мен шағын және орта бизнестің үлесін арттыру жұмыстарын жалғастыру қажеттігін көрсетеді
Шығыс құрылымында екі бағыт басым болды.
• Бірінші – әлеуметтік қамсыздандыру.
• Бұл мақсатқа 4,49 трлн теңге бағытталды. Бұл – жоспардың 99,95 пайызы.
Мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелері толық және уақтылы орындалды.
• Екінші – мемлекеттік борышқа қызмет көрсету.
• Сегіз айда бұл мақсатқа 2,62 трлн теңге жұмсалды. Бұл – бұрын алынған қарыздар бойынша жоспарлы төлемдер.
Сарапшылардың пайымдауынша, әлеуметтік шығыстардың тұрақты өсуі және борышқа қызмет көрсету шығындары бюджеттің икемділігін арттыру мәселесін күн тәртібіне қояды.ҚорытындыЖалпы алғанда, сегіз айдың қорытындысы бюджеттің тәртіпті орындалып жатқанын көрсетеді. Әлеуметтік міндеттемелер толық атқарылуда, жоспарлы көрсеткіштерден ауытқу жоқ.Алдағы кезеңде міндет – мұнай емес кірістердің өсуін қамтамасыз ету және бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру. Бұл – Ұлттық қордың қаражатын тиімді пайдалану және макроэкономикалық орнықтылықты сақтау үшін маңызды.