Жыл басынан бері шарықтап тұрған ет бағасы ақыры тежелді.Қаңтарда ет бір жылда 30%-ға дейін қымбаттаған.

Қазір:
сиыр еті (сүйекті) – 8,8%сиыр еті (сүйексіз) – 7%жылқы еті – 9,6%фарш – 11%.
Тек қой еті әлі қымбат – 21,7%.
Қазір қанша тұрады?
23 қыркүйек сүйекті сиыр еті – 3 810 тг/кгсүйексіз – 5 021 тгжылқы – 4 319 тгқой – 4 530 тгфарш – 4 338 тгтауық еті – 1 766 тг. Қаңтардан бері сиыр еті небәрі 150-200 теңгеге ғана қымбаттаған. Жазда арзандап, қайта көтерілген баға орнына түскен.
Неге тежелді?
Мал жайлаудан қайтты, базарда ет көбейді.Халық қымбат сиыр етінен тауық етіне ауысты. Сұраныс азайды. Теңге нығайып, жем арзандады. Қай өңірде қымбат? Сиыр еті ең қымбат Алматыда – 4 168 тг, ең арзан Көкшетауда – 3 476 тг. Қой еті Астанада – 5 441 тг, Оралда – 4 107 тг. Фарштың айырмасы ең үлкен: Астанада 5 042 тг, Семейде 3 402 тг. Басқа азық-түлік ше? Көкөніс арзандап жатыр. Бір аптада пияз – 20%, картоп – 13%, сәбіз – 13% арзандады. Ал қызанақ – 22% қымбаттады
Түйін: Ет арзандаған жоқ, тек бұрынғыдай шарықтап өспей тұр. Қыста қайта қымбаттауы мүмкін.