Біз көбіміз сақтандыруды басымызға іс түскенде ғана еске аламыз. Ал сол кезде қасымызда шартты түсіндіріп, тәуекелді есептеп, төлемді тез алып беретін маман болса ше? Қазақстанда дәл осындай мамандар жетіспейді. Сондықтан сақтандыру компаниялары енді кадрды дайын болғанда емес, студент кезінде іздей бастады.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, жұмыспен қамтылған 9,3 млн қазақстандықтың 2,1 млн-нан астамы алған мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Біреулер кәсібінен көңілі қалса, біреулер жұмыс таба алмаса, көбі теорияны жақсы біледі, бірақ тәжірибеде не істерін білмейді. Диплом бар, ал мамандығы жоқ.Сақтандыру саласында бұл олқылық тіпті қатты сезіледі. Қазақстанда сақтандыру нарығы әлі тар. ЖІӨ-ге шаққанда 1%-ға да жетпейді, дамыған елдерде 9-11%.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ақпанда өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында осыны айтып, 2030 жылға дейін нарықты дамыту бағдарламасын әзірлеуді тапсырды. Нарық өсуі үшін оған жаңа адамдар керек. Тек қаржыгерлер мен актуарийлер ғана емес, тәуекелді бағалайтын, дерекпен жұмыс істейтін, цифрлық өнім жасайтын мамандар керек. Қазір полисті онлайн сатып алуға, сақтандыру жағдайын қашықтан рәсімдеуге болады. Ертең одан да күрделі технология келеді. Он
Оны жасайтын адамды қайдан аламыз?
Осы сұраққа жауап ретінде ақпан айында жаңа жоба басталды. Freedom Insurance, Almaty Management University және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі студенттерді бірлесіп даярлау туралы келісімге қол қойды. Жоба бес жылға есептелген, 100-ге жуық бакалавр мен магистрантты қамтиды. Бұл – бірнеше лекция өткізіп, есепте белгі қою емес. Мұнда кадр даярлаудың басқа жүйесі құрылып жатыр.
Студенттер Freedom Insurance гранттарын оқу құнын толық немесе 50% өтеумен ала алады, компанияның нақты бизнес-кейстерімен жұмыс істейді, практика мен тағылымдамадан өтеді.Қаржы және технологиялық мамандықтардың студенттері үшін жеке Minor Digital Insurance бағдарламасы бар. Бұл – негізгі мамандықтың жанында оқитын қосымша бағыт. Онда сақтандыру туралы білім өзекті цифрлық және аналитикалық құралдармен бірге беріледі, ал сабақты AlmaU оқытушылары ғана емес, Freedom Insurance сарапшылары жүргізеді. Бағдарламаға болашақ қаржыгерлер ғана емес, Data Science, финтех, ақпараттық жүйелер мен бағдарламалық қамтамасыз етуді оқитындар да тартылады.Алғашқы нәтижесі де бар.
19 қыркүйекте AlmaU-да Freedom Insurance-тің жеке аудиториясы ашылды. Онда енді сабақтар, шеберлік сыныптары және нарық өкілдерімен кездесулер өтеді. Сол күні гранттық байқаудың қорытындысы шығарылды: алты студент оқудың барлық кезеңінде қолдау алды, үшеуі 100% грантпен, үшеуі 50% грантпен оқиды.
«Адами капитал – біздің компания үшін және жалпы холдинг үшін негіз. Біз еліміздің қаржы, сақтандыру нарығы үшін сапалы кадрлар даярлағымыз келеді», – дейді «СК Freedom Insurance» АҚ басқарма төрағасы Азамат Керімбаев.
Бұл – компанияның алғашқы қадамы емес. 2025 жылдың қарашасында Freedom Insurance қызметкерлері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерімен және магистранттарымен кездесіп, тағылымдама мен жұмысқа орналасуды талқылаған. Ақпан айында ҚБТУ мен Агенттік өткізген Risk Management Case Competition байқауында студенттерге машиналық оқыту арқылы ЖКО қатерін бағалау моделін құру ұсынылды. Freedom Insurance байқаудың бас серіктесі болды, жеңімпаздар FRM және CII халықаралық бағдарламаларына грант алды.
Неге бұның бәрі керек?
Өйткені сақтандыру – енді тек «басыңа іс түскенде төлейтін» дүние емес. Бұл – бүгініңді қорықпай сүруге мүмкіндік беретін дүние. Балаңның болашағына, үйіңнің бүтіндігіне, кәсібіңнің ертеңіне сенімді болсаң, бүгінгі қуанышыңды толық өмір сүресің. Ал сондай сенімді беретін өнімді, сондай сенімді түсіндіретін адам жасайды. Адамды – университет пен бизнес бірге жасайды.
Студент үшін бұл – диплом алу ғана емес, мамандықпен ерте танысып, нақты кейспен жұмыс істеп, жұмысқа бір қадам жақын болу. Компания үшін – дайын маман алу. Ал біз үшін, клиент үшін – ертең сақтандыру кеңсесіне барғанда, алдыңда шартты жаттап алған емес, тәуекеліңді түсінетін адам отыруы.