2026 жылғы 23 қыркүйекте Қазақстандық орнықтылық қорының Директорлар кеңесінің төрағасы болып Ерұлан Жамаубаев сайланды.

Жамаубаев – 2020-2024 жылдары Қаржы министрі, вице-премьер. 2025 жылдан бері – Ұлттық банк төрағасының бірінші орынбасары. Яғни, Қордың жалғыз иесі – Ұлттық банктің адамы.Ол бұл қызметті 2025 жылдың наурызынан бері атқарып келген. 23 қыркүйектегі шешім – өкілетін қайта бекіту. Қазір Кеңесте 4 адам:
Е. Жамаубаев, басқарма төрағасы Ерболат Оспанов және екі тәуелсіз директор – Джованни Капаннелли мен Айдархан Құсайынов.
ҚФУ – 2017 жылы банк секторын сауықтыру бағдарламасының операторы ретінде құрылған. Сол кезде 2 трлн теңгеден астам қаржы 5 банкке бағынышты облигация арқылы берілген.
Бұл нені білдіреді?
Қор жабылған жоқ. Ұлттық банк оны өз қарамағында ұстап отыр. Келесі көмек болса, шарты: акционердің капиталы нөлденеді, мемлекет банкке акциямен кіреді, қайтарымы – Ұлттық банктің кепілінде.Осы – құр сөз емес, KASE хабарламасындағы нақты факт.