Қарызы бар кәсіпкерге енді үш емес, төрт ай мұрсат беріледі. Ал шек – 116 миллион теңге – бұрынғыша қалады.

Қазіргі тәртіп қандай?
Салық қарызы 27 мың АЕК-тен, яғни 116,7 миллион теңгеден асқан кәсіпкерге елден шығуға тыйым салынады.Ол кімдерге салынады?серіктестік басшысына;бөлімше басшысына;жеке кәсіпкерге.Бұл меже Қаржы министрінің былтырғы күздегі бұйрығымен бекіген.
Енді не өзгермек?
Заң жобасында 27 мың АЕК деген нақты санды алып тастап, орнына «шекті мөлшер» деп жазбақ.Мемлекеттік кірістер комитеті: «Сома өзгермейді. 116,7 миллион сол күйі қалады. Тек оны енді Кодексте емес, министр бұйрығында жазамыз. Ертең өзгерту керек болса, Парламентті күтпей, бұйрықпен түзетіп отырамыз», – дейді.
Бұл норма биыл 1 шілдеде ғана күшіне енген, сондықтан әзірге ештеңе өзгермейді.
Тағы бір өзгеріс – мерзім
Бұрын қарыз үш айдан асса, шекара жабылатын. Енді төрт айдан асса ғана жабылады. Әуелі шот бұғатталады, ақшасы мәжбүрлеп алынады, сонда да өтелмесе – кейін ғана шетелге шығармайды.Кәсіпкерге қарызын өтеуге бір ай артық уақыт берілмек.