Бюджет қаржысын оңды-солды жұмсай берудің мүмкіндігі шектелді: Формула нақты: Артық ақша жоқ, бірақ қазына жұтаң да емес. 2027-ге 30,2 триллион бекітілді. Биылғыдан 2,5 триллионға артық.

Сонда қысқару қайдан шықты?
Министрліктер 36,9 триллион сұраған екен. Премьер 6,7 триллионын қайырып тастапты. Демек, бюджет кеміген жоқ, сұраудың желі басылған.
Үкімет өз белбеуін қаншаға тартты?
787 миллиард. Болғаны 2,6%. Дастархандағы ең кіші кесек.»Оңтайландырдық» дейді. Түбіне үңілсең – жаңа ғимаратқа, жаңа жиһазға тыйым салған. Аты бар, заты жоқ. Номинал сол қалпы, ал баға өскенде бұл – он пайызға тартылу деген сөз.
Үкімет жұрттың емес, өз шығынын тежеген. Аппаратқа – 787 млрд, небәрі 2,6%. Өзіне – тар белбеу, халыққа – 35% енші.Бұл – дағдарысқа қарсы емес, тепе-теңдік бюджеті. Сынағы – осы теңгерімді 2028-де мұнай құбылса да сақтай ала ма.