Қазақстанда KASE және AIX үшін реттеушілік үйлестіру алаңы пайда болады.

Бұл екі биржа арасындағы KASE (реттеушілік үйлестіру алаңының құрылуы елдегі инвестициялық ортаны жақсартуға бағытталған үлкен қадам болып табылады. Біздің назарамызды аударғаны екі биржаның юрисдикциялары бір-бірімен тығыз байланысқаны. Бұл компанияларға өз бағалы қағаздарын қос алаңда қатар орналастыруға мүмкіндік береді.Себебі акциялар нарығы капиталдандыруының 85%-дан астамы екі биржада да бар эмитенттерге тиесілі.
ҚНДРА төрағасының орынбасары Нұржан Тұрсынхановтың айтуынша, компаниялар бағалы қағаздарды KASE және AIX-ке орналастыра алады, ал нарықтың кәсіби қатысушылары мен инвесторлар екі алаң арасында таңдай алады. Бұл ретте акциялар нарығын капиталдандырудың 85% -дан астамы бір мезгілде KASE және AIX-те ұсынылған эмитенттерге тиесілі, ал брокерлер айналымының 90% -дан астамын екі алаңда жұмыс істейтін компаниялар қалыптастырады.
«Мұндай өзара байланыс реттеушілік тәсілдерді одан әрі жақындастыру және нарық қатысушылары үшін неғұрлым қолайлы және салыстырмалы жағдайлар қалыптастыру үшін жақсы алғышарттар жасайды», — деп атап өтті ол.
Бірінші кезеңде екі юрисдикцияны реттеуді үйлестіруді күшейту ұсынылады. Бұл үшін ҚНДРА, Ұлттық банк, Қаржы министрлігі және АХҚО қатысуымен қаржы нарығын дамыту және реттеу жөніндегі бірыңғай үйлестіру комиссиясы іске қосылады.
Екінші кезеңде өзара іс-қимыл және екі контурдың сауда, клирингтік және депозитарлық инфрақұрылымын жақындастыру мүмкіндігіне көшу ұсынылады.
«Түптеп келгенде, міндет Қазақстан капиталының неғұрлым тұтас және тиімді жұмыс істейтін нарығын қалыптастыру болып табылады, онда қатысушылар ең алдымен қызмет көрсету сапасына, инфрақұрылымға және капиталды тарту үшін мүмкіндіктерге сүйене отырып, алаңды таңдай алады», — деп қортындылады спикер.