Қазақстанда бизнесті дамытуға берілетін ұзақ мерзімді несие – ЖІӨ-нің 5,3%-ы ғана. Дамушы елге кемі 40% керек. Ал оның бағасы – 21,4%. Осындай нарықпен қатар қор нарығы кімді дамытпақ? Өзін ғана.

Алматыда «Қор нарығын 2030 жылға дейін дамыту бағдарламасы» талқыланды. Ресми мақсаты – «банктік несиелеумен қатар экономиканы ұзақ мерзімді қаржыландырудың негізгі көзіне айналдыру».
1 тамыздағы дерек:
елдегі барлық несие – 39,4 трлн теңге. Оның 26,1 трлн-ы – халықтың тұтыну несиесі. Бизнеске қалғаны – 13,2 трлн ғана. Оның ішінде дамуға жұмсалатын ұзақ мерзімдісі – 9,8 трлн. Биылғы ЖІӨ болжамы 184 трлн болса, бұл – 5,3% ғана.2. 5,3% – бұл даму емес, тіршілік
Салыстыру үшін:
Дамыған елдерде экономиканы несиелеу ЖІӨ-нің 80-150%-ы, кейде 300%-ға жетеді. Біз сияқты дамушы елдердің өзінде бұл көрсеткіш 40-80% болуы керек.Бізде – 5,3%. Біз дамушы елдің деңгейіне де жетпейміз.
- Бағасы – өлтіретін бағаЖетпеуіміздің себебі – ақшаның құны. Кәсіпкерлік мақсаттағы несиенің орташа мөлшерлемесі – 21,4%. Қазақстанда 21,4% таза рентабельділік беретін қандай заңды бизнес бар? Жоқ. Мұндай пайызбен дамытпайды, өлтіреді.
Халықтың жағдайы да сол:
26,1 трлн қарыз, орташа мөлшерлеме 20,3%.4. Қор нарығы да – дәл сондай қымбатЕнді осының жанына қор нарығын қоссақ не өзгереді? Ештеңе. Себебі ондағы ақшаның да бағасы – дәл сондай қымбат.Қаржы министрлігінің өзі мемлекеттік бағалы қағаздарды 15,15%-16,4% кірістілікпен орналастырып отыр. Бұл алыпсатарлардың емес, мемлекеттің келіскен бағасы. Егер бюджеттің өзі 16%-пен қарыз алса, қарапайым зауытқа қандай пайыз қалады?
Өз қазанында қайнаған талқы
Бағдарламаны Агенттік, Ұлттық банк, KASE, Қаржыгерлер қауымдастығы, БЖЗҚ, ЕҚДБ. Тізімде бірде-бір зауыт, бірде-бір фермер, бірде-бір нақты сектор жоқ. Тек қаржыгерлер.Оларға есеп беру оңай: «Соңғы 5 жылда акция нарығы 19,1 трлн-нан 41,8 трлн-ға, борыш нарығы 32 трлн-нан 58 трлн-ға өсті».
Әрине өседі
Қаржы нақты экономикадан екі есе жылдам өсіп жатыр. Қазан өз ішінде қайнап жатыр. Қазанды қалай ашамыз?Қор нарығы – жау емес, өзіміздікі. Оны сынау емес, жетелеу керек.
- Бірінші – ақшаның бағасын түсіру. 21,4% несие мен 16,4% МБҚ-мен ешқандай 35 бастама жұмыс істемейді.Екінші – нарыққа нақты эмитент әкелу. Бүгін KASE-де негізінен банктер мен квазисектор. Нарыққа нақты зауыт, агрохолдинг, IT-компания келуі керек. Ол үшін ШОБ листингіне салық жеңілдігі керек.
- Үшінші – ұзақ ақшаны іске қосу. Бізде ұзақ ақшаның жалғыз көзі – БЖЗҚ. Зейнетақы активтерінің кемі 10-15%-ы нақты сектордың облигациялары мен инфрақұрылымдық жобаларға бағытталуы тиіс.
- Төртінші – талқыны кеңейту. Бағдарламаны қаржыгерлер ғана емес, «Атамекен», өнеркәсіп одақтары, МСБ өкілдері бірге талқылауы керек.Қор нарығының тиімділігі – 19 трлн-нан 41 трлн-ға өскенімен емес, сол ақшаға қанша зауыт ашылды дегенмен өлшенуі керек.