Ұлттық банк Қазақстан ұлттық валютасының ресми бағамы белгіленетін шетел валютасының тізбесін 39-дан 48-ге дейін кеңейтуге ниетті. Оған тоғыз елдің валютасы кіреді.

Ұлттық банк сайтында хабарланғандай, тізімге тоғыз елдің ұлттық валютасын қосу ұсынылады: Вьетнам, Египет, Израиль, Индонезия, Катар, Моңғолия, Оман, Пәкістан және Румыния.
«Тізбені кеңейту соңғы 5 жылдағы сауда айналымын талдауға, төлемнің көлемі мен валютасы бойынша деректерге, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардан ресми бағамдар бойынша сұраныстардың бар тарихына негізделген», — деп түсіндірді Ұлттық банкте.
Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу ережесіне түзетулер енгізу туралы қаулы жобасы «Ашық НҚА» сайтында 19 мамырға дейін талқылануда.