Ұлттық статистика бюросы 2025 жылдың алдын ала қорытындылары бойынша халықтың нақты кірістерінің индексін жариялады.

Тәуелсіздік тарихында алғаш рет ІЖӨ көлемі 300 миллиард доллардан асты. Бір жылда өсім — 6,5 пайызәлемдегі ең үздік көрсеткіштердің бірі. Жан басына шаққанда шамамен 14,8 мың долларды құрады. Екі көрсеткіш те Халықаралық валюта қорына біздің елді экономикасы үздік 50 елдің қатарына қосуға мүмкіндік берді. 2026 жылы ІЖӨ көлемі түрлі бағалаулар бойынша 320-340 миллиард долларға дейін көтерілетінін сарапшылар батылырақ айта бастады.
Сарапшылардың айтуынша, ІЖӨ мен халықтың табысының ара-жігінде көзге көрінбейтін кедергілер жетеді. Көш басында тұрған кездеріміз көп болса да, халықтың жағдайы жақсарып кеткен сәттері аз.
Ұлттық экономика министрлігінің айтуынша бизнестің пайдасымен салыстырғанда жалақымыз баяу өсіп жатыр. Компаниялардың 50% үнемдеуге байланысты жалақыны 10% -дан аспайтын мөлшерге көтереді, ал кейбіреулері оны бұрынғы деңгейде қалдырды.
«Үкіметтің міндеті — табыстың әділ бөлінуін қамтамасыз ету және бизнес табысты тек дивидендтерге ғана емес, нақты еңбекақы төлеуге бағыттау», дейді министрлік.
Бұдан басқа, ҰЭМ-де атап өткендей, халықтың табысы жалақы есебінен ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік трансферттер мен өзге де табыстарды ескере отырып қалыптасады, олардың динамикасы экономиканың өсу қарқынынан ерекшеленуі мүмкін.
2025 жылғы IV тоқсанның қорытындысы бойынша жалданбайтын жұмыстан түскен табысқа халықтың табысының 8,3% -ы, зейнетақыға — 17,9% -ы, жәрдемақыға — 3,3% -ы тиесілі.
Экономист-қаржыгер Ғалым Құсайыновтың айтуынша, ІЖӨ өсімі азаматтардың өмірін жақсартуды білдірмейді. Оның айтуынша, ел экономикасы шикізат рентасы, бюджет шығыстары және инфляциялық фактор есебінен өсті. Енді өсім мен халықтың табысының арасындағы алшақтықты бір-біріне жақындатудан басталу керек. Қазіргі фискалдық және монетарлық қысым, керісінше, бұрыннан бар базамен жұмыс істейді және жаңа өсу көздерін құрмай, оның ішіндегі ауыртпалықты қайта бөледі. Үкіметтің экономикалық блогы ғана емес, көптеген экономистер ІЖӨ-нің өсуі мен халық табысының арасын жалғайтын трансмиссиялық тетікті қалай жақсартуға болатынын жиі айтып, инфляцияның өсімін тежеу керек деген факторды тасада қалдырып жүр.
Ғалым Құсайынов Қазақстандағы экономикалық өсімге Ұлттық қордан алып тастау арқылы қол жеткізіледі деп есептейді. Бұл ретте бұл «жетістіктер» халықтың нақты табысына еш әсер етпейді. Қазақстанда еңбекақы төлеу қорының ІЖӨ құрылымындағы үлесі шамамен 30% -ды, ал дамыған елдерде — шамамен 60% -ды құрайды. Бұл құрылған қосылған құнның көп бөлігі халықтың кірісіне емес, компаниялардың пайдасына және салықтарға кететінін білдіреді. Нәтижесінде бизнестің табысы нақты мәнде 9,3% -ға өсіп, халықтың табысы төмендеді.
Ғ. Құсайыновтың айтуынша, 2025 жылы экономиканың өсуін бірнеше негізгі сала қамтамасыз етті. Тұрақты даму үшін инфляцияны бір мезгілде төмендету қажет, ол төрт жылдан бері жоғары болып келеді. Сонымен қатар халықтың нақты табысының өсуіне қол жеткізу керек. Бағалар тұрақталғаннан кейін ғана ЖІӨ-нің сапалы өсуіне сенім артуға болады. Ол тек есептерде ғана емес, азаматтардың әмияндарында да сезіледі. 2025 жылы экономика өсім деңгейінде тұрған кезде де халықтың табысының оған сәйкес емес екені белгілі болған. Halyk Finance мәліметі бойынша, жалақы мен зейнетақының өсуін жоғары инфляция «жеп», ал тұтыну несиелендірудің өсуінен тұрады. Тамақ өнімдеріне арналған шығыстар үй шаруашылықтарының жалпы бюджетінен 52,5% -ға жетті — бұл кедей халықтың белгісі. Сарапшылардың ескертуінше, өсім мен табысты бөлудің ағымдағы моделінде өмір сүру деңгейі төмендеуі мүмкін. Соңғы 5 жылда халықтың банк алдындағы қарызы 100 пайызға, халықтың нақты табысы небәрі 15%-ға өсті.
Ғалым Құсайыновтың айтуынша, биылғы жыл сын-қатерлер жылы. Үкімет халықтың нақты табысын арттырып, ЖІӨ өсімін қамтамасыз етуді қатар алып жүру керек. Бірақ мұның өзі былай «тартсаң арба сынады, былай тартсаң өгіз өледі» деген қазақтың ертеден келе жатқан еске салып тұр. Бір мезгілде екі бағытқа басымдық беру инфляцияның төмендеуіне кедергі келтіруі мүмкін. Сарапшының айтуынша, бізге алдымен инфляцияның төмендеуі, содан кейін — халықтың нақты кірістерінің өсуін қамтамасыз ететін ЖІӨ-нің тұрақты өсуі керек.
«Бірақ инфляция төрт жылдан бері жоғары болып отыр және оны төмендетуде әлі айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілген жоқ. Бір базалық мөлшерлеме жеткіліксіз — жүйелік теңгерімсіздік болған жағдайда инфляцияны жеңу өте қиын», дейді Ғалым Құсайынов.
Ғ. Құсайыновтың айтуынша, ІЖӨ-нің көрстекішіне байланысты көзқарасты өзгертетін кез келді. Үкімет мұны экономика дамуының түйінді көрсеткіші ретінде таргеттейді, «2005-2006 жылдары мұнай қарқыны мен шикізат экспортынан түсетін үстеме кіріс халықтың нақты табысының күрт өсуіне алып келді. Бірақ 2000 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін жұмыс берушінің өз қызметкерлеріне төлейтін жалақысының үлесі едәуір қысқарды, ал салықтардың үлесі ұлғайды, ал бизнестің үлесі бұрынғысынша қалды», дейді сарапшы.
Ғ. Құсайыновтың айтуынша, макроэкономикалық статистика халықтың өмір сүру деңгейімен арақатынасты тоқтатты. Өткен жылы экономиканың 6,5% -ға өсуі кезінде азаматтардың нақты табыстары 6% -ға қысқарды.
2000 жылдармен салыстырғанда жағдай өзгереді: Нақты өсім небәрі 4,49 есемен шектеліп қалды. Орташа алғанда біз жылына 6% -дан өстік, бірақ соңғы жеті жылда нақты табыстың өсуі бар болғаны 2,6% -ды құрады. Ал өткен жылы табысымыз алғаш рет теріске кетті. Бұл жағдай ІЖӨ 6,5%-ға өсіп тұрған кезде байқалды. Сарапшының айтуынша, биылғы экономикалық өсім 4,5-5%-ға тұрақтайды. Өткен жылдардан айтарлықтай айырмашылығы жоқ жағдай қалыпты болады .
Үкіметтің экономикалық блогының жаңа бағдарламалары көмектесе ме?
Қазақстан Үкіметінің 2026-2028 жылдарға арналған экономикалық блогының жаңа бағдарламалары нақты секторды қолдауға 8 трлн теңге бөлу және ШОБ-қа кредит беру арқылы (1,2 трлн теңге) бағытталған. 7 мың жұмыс орнын құру, өндірістің өсуі және іскерлік белсенділікті тұрақтандыру күтілуде. Табыс қаражатты бөлу тиімділігіне және инфляцияны төмендетуге байланысты.
Сарапшы-талдаушы Алмас Шөкиннің айтуынша, соңғы жылдары Қазақстан әртүрлі жылдамдықты экономика жағдайында өмір сүрді: Өңдеуші өнеркәсіпке рекордтық деңгейде қаржы құйылды. Екінші жағынан — инфляция мен тарифтердің екі есе қысымы, бизнеске әлсіз кредит беру және кірістердің тоқырауы байқалды.Бұл құбылыс тек біздің елде ғана емес, барлық елде байқалды. Жекелеген елдер сратегияларын жеделдетілген режимде қайта құруға мәжбүр болғанын көрдік. «Мұндай жағдайда үкіметке жедел және нүктелі әрекет етуге тура келді. Экономикалық саясаттың жаңа архитектурасын әзірлеу нақ осы теңгерімсіздіктен туындап отыр», дейді Алмас Шөкин.
2025 жылғы қарашада халықтың әл-ауқатын арттыру бойынша Үкіметтің, Ұлттық банктің және ҚНДРА бірлескен іс-қимыл бағдарламасы қабылданды. Несиелендірумен күреске және инфляцияны монетарлық әдістермен төмендетуге баса назар аударылды. 2026 жылғы ақпанда, үкімет мамыр айына қарай кірісті арттырудың тағы бір ауқымды бағдарламасын әзірлеуге уәде берді. «1 мамырға дейін Қазақстанда алдағы үш жылға халықтың табысын арттыру бағдарламасы қабылданады. Сондай-ақ инфляцияны 11% -ға дейін төмендету жоспарда бар.