Әлемдік нарықтарда дүрбелең. Таяу Шығыстағы шиеленіс Brent мұнайының бағасын бір тәулікте 6%-ға дейін көтеріп, $109,97-ге жеткізді.

Бұған жауап ретінде Азия биржалары құлдырады:
- жапондық Nikkei 2,2%-ға,
- MSCI Asia Pacific индексі 1,3%-ға төмендеді.
- Сауда соғысы емес, нағыз соғыс қаупі инвесторларды үркітті.
ӘЛЕМДЕ НЕ БОЛЫП ЖАТЫР?
Дүрбелеңнің 3 негізгі себебі бар:АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыстың ушығуы.Ормуз бұғазының жабылу қаупі.
Әлем мұнайының 20%-ы осы бұғаз арқылы өтеді. Йемендегі хуситтердің маңызды порттарды бақылауға алуы.Бұл жаңалықтар әлемдік экономикаға екі соққы берді.Біріншіден, инфляция қайта оралады. Мұнайдың қымбаттауы барлық тауардың өзіндік құнын көтереді. Сарапшылардың пікірінше, бұл АҚШ-тың Федералды резерв жүйесі мен басқа да ірі орталық банктерді базалық мөлшерлемені қайта көтеруге мәжбүр етуі мүмкін.Екіншіден, ақша «қауіпсіз айлаққа» қашты. АҚШ-тың 10 жылдық мемлекеттік облигацияларының кірістілігі соңғы 3 жылдағы ең жоғары көрсеткіш – 4,97%-ға жетті. Бұл инвесторлардың акцияларды сатып, ақшаны доллар мен облигацияға салып жатқанын білдіреді.
ҚАЗАҚСТАН оң ҚОЛЫМЕН БЕРІП, сол ҚОЛЫМЕН АЛАДЫ
Қазақстан үшін қазіргі жағдай – екі жүзді қылыш. Бір жағынан бюджетке пайда, екінші жағынан халықтың қалтасына соққы.
- ОҢ ӘСЕРІ: БЮДЖЕТКЕ МҰНАЙ ДОЛЛАРЫ
- Біріншіден, ел қазынасы толады.
- Мұнай бағасының $110-ға жетуі Ұлттық қор мен бюджетке қосымша қаржы құяды. Бұл сыртқы қарыздарды жабуға, әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыруға мүмкіндік береді.
Екіншіден, теңге нығаяды.
Елге шетелдік валютаның ағыны көбейген соң, Ұлттық банк теңге бағамын тұрақты ұстап тұруға мүмкіндік алады. Мұнай $100-110 дәлізінде сақталса, теңгенің күрт құлдырауына ешқандай негіз жоқ.
ТЕРІС ӘСЕРІ: ДҮКЕНДЕГІ БАҒА
Біріншіден, импорттық инфляция.
Мұнай қымбаттаған соң логистика мен өндіріс қымбаттайды. Қазақстан сырттан көп тауар алғандықтан, азық-түлік, техника, киім-кешек бағасы қайта өрлеуі мүмкін.
Екіншіден, жанар-жағармай бағасына қысым. Халықаралық шикізат қымбаттаған кезде, ел ішіндегі бензин мен дизельдің бағасын ұстап тұру қиындайды.
Үшіншіден, рецессия қаупі. Егер мұнай бағасы ұзақ уақыт $120-150 деңгейінде тұрса, біздің негізгі серіктестеріміз – Еуропа мен Қытай экономикасы тежеледі. Олардың өсімі баяуласа, болашақта Қазақстан мұнайына сұраныс азаяды.
АЛДАҒЫ АЙЛАРДА НЕ КҮТЕДІ?
Бүкіл болжам алдағы күндері жарияланатын АҚШ-тың инфляция деректеріне және Таяу Шығыстағы жағдайға тікелей байланысты.Сарапшылардың пікірінше, егер геосаяси шиеленіс басылмай, доллар жаһандық деңгейде рекорд орнатса, мұнайдан түскен пайданың өзі теңгенің құлауын тежеуге ғана жұмсалуы мүмкін.Ал егер жағдай тұрақтанса, $100-110 мұнай теңге демеу болады.
ТҮЙІН
Қазіргі жағдай Қазақстан үшін классикалық «ресурстық дилемма». Бір жақта – бюджетке түсетін қосымша триллиондар. Екінші жақта – дүкендегі бағаның өсуі. Мемлекеттің басты міндеті – мұнай долларларын дұрыс жұмсап, инфляцияның соққысын жұмсарту. Әйтпесе, «теңге нығайды» деген статистика халықтың қалтасына жетпей қалуы мүмкін.