Қазақстанда 2025–2026 жылдары жалпыға бірдей декларациялаудың соңғы кезеңдері аясында халықтың табысы мен шығыстарын бақылау тетіктері айтарлықтай күшейтілді. Мемлекеттік органдар жасырын табыстарды анықтау, цифрлық мониторинг және мобильді аударымдарды тексеру жүйелерін іске қосты.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (ЕХӘҚМ) мен Қаржы министрлігі (Мемлекеттік кірістер комитеті) салық құпиясын құрайтын мәліметтерді салық төлеушінің жазбаша рұқсатынсыз беру тәртібін реттеді. Жаңа бұйрық жобасына сәйкес, негізгі өзгерістер ведомстволар арасындағы ақпараттық жүйелерді интеграциялауға және азаматтардың табысы туралы деректер ауқымын кеңейтуге бағытталған. Үкімет осы арқылы нарықты ашық етіп, мемлекеттік көмектің мақсатты жұмсалуын қамтамасыз етеді деп үміттеніп отыр.
Не өзгереді
Бұл шешім мемлекеттік органдар арасындағы деректерді цифрландыру мен интеграциялауды күшейтіп, еңбек нарығы мен бизнес ортаға айтарлықтай әсер етеді.Салық органдарынан кәсіпорындардың нақты айналымы мен кірістері туралы мәліметтерді тікелей алады. Бұл компаниялардың жұмысшыларға жалақыны «конвертпен» беріп, әлеуметтік аударымдардан (Зейнетақы, Әлеуметтік сақтандыру, МӘМС) жалтаруын шектейді. Мемлекеттік субсидиялар немое бағдарламалар аясында құрылған жалған жұмыс орындарының салықтық есептілігі автоматты түрде тексеріліп, нарықтағы жасанды көрсеткіштер жойылады.
Құжатта мемлекеттік кірістер органдары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ұсынатын мәліметтер туралы сөз болып отыр. Екі ведомствоның ақпараттық жүйелерін өзара іс-қимылға түсіру арқылы тікелей алады. Бұл деректердің бір бөлігі мемлекеттік ақпараттық базалар арасында автоматты түрде беріледі дегенді білдіреді. Ведомство әлеуметтік-еңбек саласындағы мәселелерді неғұрлым толық және объективті қарастыру үшін салық құпиясына жататын қосымша мәліметтерді алуды көздеп отыр. Бұл қадам берілетін ақпараттың барынша өзекті әрі нақты болуын қамтамасыз ету үшін қажет.
Қандай салдары болуы мүмкін
Құжат әзірлеушілердің айтуынша, бұйрықтың қабылдануы әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан кері салдарға әкелмейді.
Ал сарапшылардың пікірі басқа. Олар салық төлеушінің қаржылық және жеке мәліметтерінің басқа ведомствоның базасына автоматты түрде өтуі деректердің сыртқа таралып кету немесе киберқауіпсіздік қатерлерін күшейтеді деп қауіптеніп отыр. Азаматтар мен кәсіпкерлердің өз кірістері мен мүлкі туралы ақпараттық қолжетімділікті өзі бақылау құқығы шектеледі, бұл жеке өмір мен бизнес құпиясына қол сұқпаушылық қағидатына қайшы келуі мүмкін. Салық органдары мен халық арасындағы ашықтыққа деген сенім азайып, кәсіпкерлердің мемлекеттік органдарға мәлімет беруде сақтық танытуына немесе көлеңкелі экономикаға кетуіне түрткі болуы ықтимал.
Жоба бойынша қоғамдық талқылау 21 қыркүйекке дейін жалғасады.