Белгілі журналист- қайраткер Дәурен Қуаттың әлеуметтік желідегі жазбасы елдегі кадр саясатының жазылмаған қағидасын ашып берді.

Оның қызы, Ұлыбританияның Queen Mary университетін Жасанды интеллект бағытында қызыл дипломмен бітірген Дариға Дәуренқызының елде өз мамандығы бойынша жұмыс таба алмай жүргені туралы посты желіде қызу талқыланды. Посттың астындағы мыңдаған пікірде жұрт бір ғана жүйені атады.
Халық оны әзілдеп ЛОР, ЖОР, ДОР жүйесі деп атайды
Бұл ресми құжатта жоқ, бірақ қоғамда кең талқыланатын, өмірде бар деген сенім қалыптасқан жүйе.
Халықтық түсіндірме бойынша:
ЛОР – Любимцы Ответственных Работников — Жауапты қызметкерлердің сүйгендері.
Олар көбіне әдемі кеңседе, PR, маркетинг, хаттама саласында отырады. Конкурсқа қатысқанын ешкім көрмеген деген пікір бар.
ЖОР – Жены Ответственных Работников — Жауапты қызметкерлердің әйелдері. Ең сенімді санат саналады. Ақша жүрген жерде – бухгалтерия, кадр, сатып алу бөлімінде отырады деген түсінік бар.
ДОР – Дети Ответственных Работников — Жауапты қызметкерлердің балалары. Ең қол сұғылмайтын санат. Оларға бос орын ашылмайды, орын олар үшін ойлап табылады деген қоғамдық пікір қалыптасқан.
Ал біздін Дариға осы үш санаттың ешқайсысына кірмейді.
Ол – ДБП (Дети Болашака Приехавший — БҚБ. Болашақпен қайтқан бала.
Артында ағасы емес, тек GitHub-тағы коды мен ғылыми мақаласы бар маман. Журналистің айтуынша, қызы резюмесін цифрлық даму министрлігіне қарасты ұйымдар мен ұлттық компанияларға жіберген. Жауап біреу – «тәжірибеңіз жетпейді» немесе «біліміңіз талаптан жоғары».
Неге БҚБ жүйеге сыймайды?
- KPI процеске қойылған, нәтижеге емес. Жоспар – баланы оқытуга гана басымдық береді. Ал сол баланың 3 жылдан кейін өз саласында жұмыс істеп жүргенін өлшейтін көрсеткіш ешкімде жоқ.
- Тапсырыссыз оқыту. Дұрыс модельде бизнес алдын ала тапсырыс 50 IT-инженер керек екенін мәлімдеп, тапсырыс береді. Бізде алдымен оқытады, сосын бала өзі жұмыс іздейді.
- Ескірген сүзгі. Жасанды интеллект маманынан «3 жыл мемлекеттік қызметтегі стаж» сұрау – заман талабына сай емес. Әлемде портфолио мен нақты дағды бағаланады.
- Жалақы алшақтығы. Лондонда Junior IT маманы 2,5 млн теңге алса, Астанада оған 400-500 мың ұсынылады.Мұндай кезде патриотизм экономикалық шындықпен бәсекелесе алмайтыны ақиқат. Болашақ бағдарламасына бір түлекке 25-35 млн теңге жұмсалады. Бұл – инвестиция. Оның қайтарымы – маманның елде қалып, жұмыс істеуі.
Елде қалу үшін жастарға ЛОР, ЖОР, ДОР санатына кірудің қажеті жоқ екенін дәлелдейтін ашық конкурс, junior-таланттар пулы және портфолиомен бағалау жүйесі керек. Әйтпесе, біз өз ақшамызға дайындаған миды өзге елге сыйлай береміз.